ДИКТОР: Дәл қазір Ақмолалықтар Жаңа жыл мерекесін тойлауға қызу дайындық үстінде. Әр отбасы кешке дастархан басына жиылып, келер жылдан қандай үміт күтетінін айтып, мәре-сәре күй кешеді. Десе де Жаңа жылда демалмайтын адамдар да бар. Бұл полиция мен төтенше жағдайлар департаменттерінің, ауруханалардың, жедел жәрдем қызметінің мамандары.
РКС: Жаңа жылды тойлап жатқан кезде кейбір қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Құтқарушылар үшін Жаңа жыл тіпті қарбаласқа толы болады. Ерекше мерекелік көңіл-күй айналада сезіліп тұрса да, қызметкерлер қашан да сапта, қырағы. Шұғыл шақыру кез келген уақытта келуі мүмкін.
СНХ: АБЗАЛ ШАЙЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ № 2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгіннен бастап күшейтілген режимде қызметтеміз. Бұл күндері жұртшылық Жаңа жылдық отшашуларды көп қолданылады. Өрт қаупі жоғары.Сондықтан қауіпсіздік шараларын сақтау үшін саптамыз.
РКС: Арнайы дайындық, қосымша нұсқау, жабдықтың жарамдылығы мен байланысы тексерілген. Сондай-ақ, Жаңа жыл түні кез-келген төтенше жағдайларға дайын болу үшін түнгі ауысымдар күшейтіледі.
СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Жаңа жылдық мереке кезінде Ақмола облысында жауынгерлік кезекшілікте жеке құрамның 300-ден астам адамы, сондай-ақ 60 техника сапта. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер, Ақмола облысының құтқарушылары мобильді бекеттерде кезекшілікте. Жаппай серуендеу орындарында, өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықтың көп шоғырланатын жерлерінде кезекшілік етеді.
РКС: Азаматтар мерекені тойлап жатқанда дәрігерлер мен фельдшерлер адам жанын арашалауға асығады. Олардың жұмысы бір сәтке де тоқтамайды. Мереке мен демалыс күндері кезекші жауапты қызметкерлер медициналық мекемелердің жұмысын үйлестіріп, туындаған мәселелерді жедел шешеді. Жедел медициналық көмектің шұғыл стационарлық қызметтеріне ерекше назар аударылады.
CHX: БАТЫРБЕК ДАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: Мен барлық жүргізушілерден қазіргі уақытта жедел жәрдем көліктеріне жол берулерін сұраймын. Мереке күндері жұмыс тым қауырт болып кетеді. күшейтілген режимдегі бригадалар құрылады. Сондықтан түсіністік танытсаңыздар екен дегім келеді. Осы сәтті пайдаланып, баршаңызды келіп жеткен Жаңа жылмен құттықтаймын! Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Сәттілік!
РКС: Өңір тұрғындары үшін мереке күндері жарақат пункттері, қабылдау бөлімшелері мен жедел жәрдем қызметтері қолжетімді екенін айта кеткен жөн. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері ақмолалықтар мен қала қонақтарының қоғамдық орындарда заң талаптарын сақтауын, сонымен қатар ауа райының тұрақсыздығына байланысты ұзақ сапарлардан аулақ болуды сұрайды. Жеке құрамға барлық нұсқау берілді. Осындай шаралар бүкіл облыс бойынша ғана емес, Қазақстанның әр өңірінде де өткізілді.
СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Ақмола облысы полициясы жаңа жылдың мереке күндерінде күшейтілген режимде жұмыс жасайды. Барлық жерлерде қоғамдық тәртіп сақтау, қамтамасыз ету, адамдардың жол апатынан сақтау және әртүрлі қылмысқа жол бермеу үшін 1 мыңнан астам полиция қызметкерлері осы күндерде тәулік бойынша жұмыс істейді. Полицияның мақсаты – бірінші, ең маңызды – ол қалалық жерлерде, жолдарда, көшелерде адамдардың қамтамасыз ететінің көтеру. Әртүрлі қылмысқа жол бермеу жұмыстары болады.
РКС: Мереке күндері аумақта қоғамдық көліктер кестеге сәйкес жүреді. Бұл авиарейстерге, қалааралық байланыс пен теміржолға да қатысты. Егер сұраныс артып жатса, қала маңындағы қосымша пойыздар енгізілуі мүмкін. Қаңтардың 1-і мен 2-сі күндері Көкшетауда автобустардың тең жартысы желіге шығады. Қоғамдық көлік 10:00-ден 20:30-ға дейін қысқартылған режимде жұмыс істейді. Яғни, рейстер арасындағы аралықтардың уақыты артады. Қаңтардың 3-і мен 4-і күні маршруттардың қозғалысы демалыс күнінің кестесі бойынша таңғы 7-ден кешкі 22:00-ге дейін жүзеге асырылады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУВАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.