ДИКТОР: Мемлекеттік рәміздерді қолдану Қазақстан Республикасының заңымен қатаң ретеледі. Еліміздің Туы мен Елтаңбасы, Әнұраны мемлекеттің сәйкестіксимволы ғана емес, сонымен қатар қоғамды біріктіру мен патриоттық тәрбиенің маңызды жлементі іспетті. Өтіп бара жатқан жылда аймақта бұл бағытта 800-ден астам түрлі форматта шара ұйымдастырылды.

РКС: Аймақтағы мектептер мен жоғары оқу орындарында мемлекеттік рәміздердің маңызы мен тарихына қатысты сабақтар өткізіледі. Түрлі байқаулар, викториналар мен патриоттық акциялар да ұйымдастырылып келеді. Облыстық ішкі саясат басқармасы мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдануға қатысты ауқымды жұмысты жүзеге асыруда.

СНХ: РОЗА ХАСЕН, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Ақмола облысында мемлекеттік рәміздерді қолдану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік рәміздердің мемлекеттік органдарда жеке тұлғалармен, сонымен қатар іс-шараларда дұрыс қолдану саласында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы бақылау жасайды. Сонымен қатар Ақмола облысы әкімінің жанында мемлекеттік рәміздер бойынша комиссия қызмет атқарады. Комиссияның негізгі міндеті бұл мемлекеттік рәміздерді насихаттау, қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

РКС: Қазақстандық жастар бірегей челлендждерді құруда белсенділік танытуда. Онда олар тек көңіл көтеру шарасын ұйымдастырып қана қоймай, еліміздің мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарын насихаттайды. Жастар қазақтың дәстүрлі ұлттық киімін киіп бейнебаяндар түсіреді. Қазақстанның туын биікке көтеріп, рухтанады. Акцияларға қатысады.

СНХ: СҰЛТАН ЖОЛДЫБАЕВ, БЕЛСЕНДІ: Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік қана емес, оның жетістігіне марқая да білу. Бұл ретте біздің жастар ұйымы республикалық құндылықтарды дамытуға зор үлес қосып келеді. Түрлі шаралар, акциялар ұйымдастырамыз. Жастар қанатында «Менің Елім – Менің Туым» сынды акция бар. Оны жыл сайын өткізіп жүрміз. Онда жастар өздері тұратын үйге мемлекеттік туды іледі.

РЗК: Стоит отметить, что впервые в этом году, в целях укрепления межэтнического согласия и казахстанского патриотизма выделили гранты этнокультурным объединениям. Все организовано в рамках научно-просветительского проекта Ассамблеи Народа Казахстана «Қазақтану».

СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облысымызда биылғы жылы біраз жобалар іске асырылды. Ғылыми даму бағыты бойынша, қазақтану жобасы бойынша биылғы жылы этномәдени бірлестіктерге арналған гранттар ұйымдастырылды. Осы грантардың аясында этномәдени бірлестіктер өз жұмысында, жаңағы жастармен жұмыс жасайды ғой олар. Жұмыс жасағанда олардың жаңағы патриот тәрбие, бірлік және толеранттылық бағыты бойынша көптеген осындай іс-шаралар қарастырылған. Олар осы жобаларды жоғары денгейде іске асыруда.

РКС: Сондай-ақ Ақмола облысының аумағында «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» атты бірегей жоба бастау алды. Оған 7 ауданның еңбек ұжымдары қатысты. Жобаның мақсаты қалалар мен аудандардағы жастарды ғана емес, барлық тұрғынды жан-жақты патриоттық тәрбиелеуге ықпал етуде достық пен бірлікті дамыту.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ