ДИКТОР: 2025 жылдан елімізде айыппұл көлемі артады. Бұл айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюына байланысты. Жаңа жылдан енгізілетін өзге де өзгерістер туралы келесі материалда.

РКС: 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 6,5 процентке өседі. Демек жаңа жылдан бастап айыппұл мөлшері де өседі.

СНХ: АЛМАГҮЛ ШҰҒЫРМАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Айлық есептік көрсеткіш жеңілдіктерді, кейбір салықтарды және әкімшілік айыппұлдарды есептеу үшін қолданылады. Бұл республикалық бюджет туралы заң шеңберінде жүзеге асырылады. Биыл бір айлық есептік көрсеткіш 3692 теңге болса, жаңа жылдан 3932 теңге болмақ.

ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: 2025 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ АЙЫППҰЛДАР:

1. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылық: Мемлекеттік рәміздерді қорлау: 3000 айлық есептік көрсеткіш, яғни–11 млн 796 теңге көлемінде айыппұл салынады. Қоқысты белгіленбеген орынға тастау немесе түкіру - 10 айлық есептік көрсеткіш, түнгі тыныштықты бұзу - 5 айлық есептік көрсеткіш, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу 5 АЕК, сауда жасау мақсатында өзгенің мазасын алу, балгерлік немесе қайыр сұрау - 5 АЕК көлемінде айыппұл салынбақ.

2. Жолдағы заң бұзушылықтар: Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту: 2 АЕК, Жылдамдықты асыру: сағатына 10–20 шақырым – 5 АЕК, сағатына 20–40 шақырым – 10 АЕК; сағатына 40 шақырымға асырған жағдайда айыппұл - 20 АЕК көлемінде болды. Құжатсыз көлік жүргізсе: 5 АЕК. Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетсе: 10 АЕК.

3. Дәрігерлер немесе мұғалімдердің ар намысына нұсқан келтіру 30 АЕК, кешкі сағат 10-нан кейін балалар ересектерге еріп, ойын-сауық мекемелерінде жүрсе 3 АЕК көлемінде айыппұл салынбақ.

ИНФОГРАФИКА:

2025 жылға негізгі айыппұлдар:

1.Қоғамдық орындарда тәртіп бұзу:

- Мемлекеттік рәміздерді қорлау: 3 000 АЕК – 11 796 000 теңге.

- Белгіленбеген орынға қоқыс тастау немесе түкіру: 10 АЕК – 39 320 теңге.

- Түнгі тыныштықты бұзу: 5 АЕК – 19 660 теңге.

- Қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу: 5 АЕК – 19 660 теңге.

- Сауда жасау мақсатында өзгенің мазасын алу: 5 АЕК – 19 660 теңге.

2. Жолда жүру ережесін бұзу:

- Белгіленбеген жерден өту: 2 АЕК – 7 864 теңге.

- Жылдамдықты асыру:

• 10–20 км/с – 5 АЕК (19 660 теңге);

• 20–40 км/с – 10 АЕК (39 320 теңге);

• 40 км/с – 20 АЕК (78 640 теңге).

- Құжатсыз жүру: 5 АЕК – 19 660 теңге.

- Қызыл түске өтіп кету: 10 АЕК – 39 320 теңге.

3. Мамандардың және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау:

- Дәрігерлер немесе мұғалімдердің ар-намысына тіл тигізу - 30 АЕК – 117 960 теңге.

- 22:00-ден кейін балалардың ересектерге еріп, ойын-сауық мекемелерінде болуы: 3 АЕК – 11 796 теңге.

СНХ: ТІЛЕГЕН ӘУБӘКІР, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қылмыстық Кодекстің 372-бабында мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазалары қарастырылған.

РКС: Айлық есептік көрсеткішпен бірге мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмеңгі мөлшері 32 360 теңгеге дейін және зейнетақының ең төменгі мөлшері 62 771 теңгеге дейін өседі. Сондай-ақ, базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс минимумы 46 228 теңге болмақ.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.