ДИКТОР: 2025 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері 6,5 процентке индекстеледі. Республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 875 млрд теңге қарастырылған. Айта кетейік, бүгінде 2 млн-ға жуық балалы қазақстандық отбасы мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдермен қамтылған.

РКС: Көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жүйесі ұсынылған. Жәрдемақы көлемі айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне сай белгіленеді. Айта кетейік, 2025 жылы ол 3932 теңге шамасында.

СНХ: НАЗИПА САЛИНГРЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 2025 жылғы қаңтардан бастап аталған жәрдемақылар 6,5 процентке артады. Бірінші, екінші, үшінші баланың тууына біржолғы жәрдемақының мөлшері 149 416 теңге. Төртінші және одан да көп бала үшін 247 716 теңге. Сондай-ақ, 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақының көлемі де артады. Оның мөлшері баланың туу кезегіне байланысты анықталады.

РКС: Сондай-ақ төрт және одан да көп кәмелетке толмаған көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері де ұлғаймақ. Бұл аз болса да, мемлекет тарапынан жақсы көмек, - дейді көпбалалы ана Замира Мырзатай.

СНХ: ЗАМИРА МЫРЗАТАЙ, КӨП БАЛАЛЫ АНА: Осы жаңа жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақы 6 пайызға ұлғайып жатыр дейді. Бұл жақсы жаңалық. Көп балалы отбасыларға жақсы көмегі тиеді деп ойлаймын. Демографиямыздың ұлғаюына әсерін тигізеді деп ойлаймын.

РКС: Жәрдемақы мөлшерін индекстеу, әсіресе инфляция жағдайында әлеуметтік қолдау деңгейін арттыруға әсер етеді. Сондай-ақ-балалары бар отбасылардың экономикалық әл-ауқатын нығайтуға да бағытталған. Бұған қоса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері де 8,5 процентке ұлғаймақ.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ