ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімді ұрпақ қалыптастыруға қатысты берген тапсырмасы Ақмола өңірінде жүзеге асырылуда. Биыл білім беру саласында оқушылар мен студенттер ғана емес, мұғалімдер де жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
РКС: Облыстық білім беру басқармасы тарапынан өтіп бара жатқан жылда есте қаларлық оқиғаның бірі Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы. Осы жоба аясында биыл 12 мыңнан астам орынға шақталған 9 білім нысаны салыну жоспарланғанеді. Заманауи талаптарға сай салынған соның 6-ы қодданысқа берілді.
СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл мектеп оқушыларының дефицитін жою жағынан үлкен көмек көрсетіліп отыр. Сонымен қатар балабақшаларда 1964 жаңа орын ашылды. Ол облысымызда 2,6 жасар балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үлесін арттыруда өзінің көмегін көрсетті. Бүгінгі күні бізде жалпы балалардың өтініш білдірген балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз етуге 94,4 пайызға жетіп отырмыз. Сонымен қатар биылғы жылы жаз айларында 113 нысанда күрделі жұмыстар жүргізілді.
РКС: Облыс мектептерінің бірқатары оқушыларымен мақтана алады. Үздік шәкірттер республикалық олимпиадаларда 130-дан астам медаль жеңіп алды. Олардың ғылыми-техникалық шығармашылыққа да қызығушылығы басым. Оқушылар Түркиядағы Халықаралық кезеңде ел намысын қорғады. Жыл соңында Римдегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жалпы республика бойынша соңғы жылдары инклюзиямен қамту мәселесі де жоғары орынға қойылған. Жас ақмолалықтар, дарынды балаларымыз үлкен сайыстарда, байқауларда, интеллектуалды жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Жуыр арада Италияда өткен бүкіләлемдік жарыста оқушыларымыз жүлделі 1-ші орынға ие болды. Ол әрине ауыл жердің оқушыларының үлкен жетістігі деп айтуға болады. Үздік педагог деген дәстүрлі жыл сайын республика деңгейінде өтетін байқауымыз бар, сол жарысқа үш ұстазымыз қатысып, жүлделі орынды иеленді.
РКС: Щучинск және Көкшетау қалаларындағы «Білім-нновация» лицейі мен №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясы республиканың үздік 100 білім беру ұйымы қатарына кірді. Бұл мектептердің қатары жыл сайын өсуде.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.