ДИКТОР: Жыл соңында Болашақ сарайының білім алушылары арасында дәстүрлі «Bolashaq Премиясы-2024» атты байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. «Үздік білім алушы», «Үздік ұжым», «Белсенді білім алушы» аталымдарына кімдер ие болды? Тілшіміз Сабина Жамшитова баяндайды.

РКС: Білім алушылар жыл бойы дарынды мен оқудағы білгірліктерін көрсетумен қатар белсенді түрде сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Дәстүрлі додаға өтінім берген 14 үміткердің 9-ы іріктеуден өтті. Жеңімпаздар онлайн дауыс беру арқылы анықталды.

СНХ:САМАЛ ҚАБДУШЕВА, «BOLASHAQ SARAIY» МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Болашақ премиясы 2021 жылдан бастап, яғни Болашақ сарайы өз жұмысын бастағаннан бастап біз дәстүрге айналдырдық. Бұл жерде біздің Болашақ сарайындағы 5 бағыт бойынша барлық білім алушы қатыса алады. Біздің қосымша білім беру саласындағы келіп жүрген бізге өз білімдерін шыңдап сабақтан, сыныптан тыс оқудан тыс мектептен тыс жұмыстардағы өздерінің шығармашылық қабілеттерін қалай дамытты. Қалай икемделді, қалай уақыттарын өткізді осының нәтижесі ретінде болады.

РКС: Айта кетейік, қазір Болашақ сарайында 97 үйірме бар. 2,5 мыңнан астам бала келеді.

СНХ: «ГҮЛДЕР» ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ, «BOLASHAQ ПРЕМИЯСЫ-2024» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ: 8 жыл қатарынан өнер саласындамыз. Жеңімпаз атана аламыз ба деген қобалжу болды. Жеңімпаз деп жариялаған кезде қатты қуандық. Біз бір жыл бойы осы сәтке дайындалдық және де Москва, Қазан, Алматы, Астана қалаларына барып, өнер көрсеттік. Менің ойымша біз бұл жеңіске лайықпыз.

РКС: «Белсенді білім алушы» аталымына ие болған Бекжан Әубәкір. Оған 50 мың теңгенің сертификаты мен арнайы статуэтка табысталды. Әбілмансұр Болат «Үздік білім алушы» номинациясының жеңімпазы атанды. Оған арнайы статуэтка мен 100 мың теңгелік сыйлық берілді. «Үздік ұжым» атағын алған «Гүлдер» халық би ансамбліне арнайы статуэткамен бірге 200 мың теңгенің сертификаты табысталды.Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

ИНТЕРШУМ:

САБИНА ЖАМШИТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ