ДИКТОР: Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Мерекелік шараны ерекше балалардың ата-аналар одағы ұйымдастырды. Бұл кеш бүлдіршіндер үшін нағыз ұмытылмас ертеңгілік болды.

РКС: Ақмола облыстық орыс драма театры мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық шыршаны екінші жыл қатарынан өткізуде. Биыл арнайы құрылған бағдарламаның шеңберінде 60-тан аса бала мерекелік көңіл-күйді сезіне алды.

СНХ: АНАСТАСИЯ ТУКИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Балалар шаршау дегенді білмейді, көңіл күйлері өте жақсы. Біз балаларымыздың бақытты жүзін көргенімізге өте қуаныштымыз. Әрбір бала сыйлық алуға, мерекені тамашалауға, бақыт пен қуанышты сезінуге лайықты.

РКС: Бұл күні кішкентай қонақтарға мерекелік қойылым ұйымдастырылып, соңында олар жаңа жылдық шыршаны айналада ән шырқады. Бағдарлама барысында бүлдіршіндерге интерактивті ойындар, түрлі қойылымдар мен сыйлықтар берілді.

СНХ: АИДА САРКЕЕВА, АТА-АНА: Ерекше балалардың ата-аналар одағына алғысымды білдіргім келеді. Балалар өте қуанышты, оларға ұнағаны біздің көңіл күйімізді көтереді. Барлық бүлдіршіндерді жаңа жылмен құттықтаймын.

СНХ: ГҮЛЗИРА ТАҚАМБАЕВА, АТА-АНА: Керемет жаңа жылдық шырша ұйымдастырылып жатыр. Осы концертті ұйымдастырған ұйымдастырушыларға және қала тұрғындарына мың да бір рақмет, алғыс айтамыз. Балаларымыз өте көңілді күйде елкалық шыршада демалып жатыр. Елімізде тыныштық болсын, аспанымыз ашық болсын! Ешқандай балалар ауырмасын.

РКС: Жаңа жылдық шыршаны өткізу қала тұрғындарының қолдауының арқасында жүзеге асты. Ұйымдастырушылар күш біріктіріп, ерекше балаларға сыйлық дайындаған кәсіпкерлер мен мүдделі азаматтарға ерекше алғыстарын білдірді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.