ДИКТОР: Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелеу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек білікті ұстаздың қолынан келетін асыл қасиет. Ұстаз - ұлы мамандық. Зеренді ауданына қарасты Бірлестік орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі Мақпал Дәулетбекқызының білім беру саласында еңбек етіп келе жатқанына 41 жылдан асқан.

РКС: Мақпал Дәулетбекқызы Бірлестік орта мектебін тәмамдаған соң 1978 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне оқуға түседі. Алғашқы еңбек жолы 1983-ші жылы басталып, содан бері 40 жылдан аса білім беру саласында жемісті еңбек етіп келеді. Жүздеген шәкірт оқытып, тәрбиелеген ұлағатты ұстаз марапаттарым баршылық бірақ мен үшін шәкірттерімнің жетістігі қымбат. Өйткені бұл менің еңбегімнің шынайы бағалануы дейді.

СНХ: МАҚПАЛ БЕКМАҒАМБЕТОВА, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ: 40 жыл уақыт ішінде қаншама шәкірт ұшырдым. Мұғалім амансыз ба, сіздің берген біліміңіз бен осындай дәрежеге жеттік деп. Білім берген тәлім тәрбиеңіз бен осындай жағдайға келдік деп рахметтерін айтып жатады. Мен үшін ең жоғарғы награда осы деп ойлаймын. 03.15 шәкірттерімнің арасында бар мұғалімдер. Алды 50-ден асып кетті ғой. Олар да ел ағалары мен апалары болды. Оларға қарап қуанамын, менің пәнімді басқа жолды таңдағаны бар.

РКС: Әр адам сауат ашу үшін ең алдымен ұстазға барады. Оның білімі мен тәлімі, тәрбиесін аламын деп мұғалімнің еңбегіне жүгінеді. Ал ұстаздың міндеті алдына келген шәкіртке білім мен тәрбие беру.

СНХ: АЛТЫНАЙ ТЕМІРКЕ, МАТЕМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Халқымызда жақсы ұстаз шамшырақ деген сөз бар. Мен бұл қанатты сөзді өзімнің сүйікті ұстазым 40 жыл бойы бала тәрбиелеу мен оқыту ісіне адал еңбек етіп келе жатқан Бекмағамбетова Мақпал Дәулетбекқызына арнағым келеді. Жаныңда жүр жақсы адам демекші менің мұғалім болуыма үлкен ықпалын тигізген сол кісінің жолын қуып қазіргі таңда ұстаздық жолда мектепте қызмет атқарып келемін.

РКС: Мақпал Дәулетбекқызы көп жылдан бері оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда. Жетістіктері жақсы. Мектепте екі оқушы "Алтын белгіден" үмітті. Оларды білім сынағына дайындау барша ұжымға оның ішінде білікті мамандарға жүктелген міндет.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ