ДИКТОР: Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында су құбыры желісін жөндеу кезінде қайғылы оқиға орын алды. Құдықта су құбыры желісін монтаждау кезінде екі жұмысшы қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

СНХ: ӘЛИЯ БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА МАМАНЫ: Аталған факті бойынша қазір Қылмыстық Кодекстің 156-шы бабының 4-ші бөлігіне сәйкес еңбектi қорғау қағидаларын бұзуға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріп жатыр.