ДИКТОР: Жаңа жылдық мерекелер кезінде облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері әдеттегідей жұмыс істеді. Облыс халқының саны 30-ға жуық сәбимен толықты. Қаңтардың 1-і мен 5-і аралығында 29 нәресте дүниеге келді. Оның 17-сі ұл болса, 12-сі қыз. Айта кетейік, желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні бір ер бала дүние есігін ашты.

СНХ: ЕРКЕЖАН ТАХИР, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ: Қазіргі таңда аналар мен нәрестелердің жағдайы өте жақсы. Денсаулықтары жақсы. Ауруханадан шығуға дайындалуда. Барлық аналар дер кезінде больницаға түсті, дер кезінде қаралды медициналық көмек көрсетілді.