ДИКТОР: Мектеп оқушылары арасында республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі басталды. Ақмола облысының 17 ауданы мен 3 қаласынан мамандандырылған 5 мектеп-интернаттан 445 оқушы қатысуда. Пән олимпиадасы негізінен 15 пәннен өткізіліп жатыр.

РКС: 9-11 сынып оқушылары жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша өз жинаған білімдерін, дағдыларын дәлелдеп шығуы тиіс. Олимпиада барысы тікелей ютуб каналдарында беріліп, өз кезегінде прокторинг жасауға, олимпиаданың әділ өтуіне ықпал етпекші.

СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСЫШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ашықтық бірінші кезеңде. Екінші оқушылардың олимпиада кезінде әділ баға беру. Бұл біздің негізгі мақсатымыз. Енді облыстық кезеңге ауданнан бірінші жүлделі орын алған балалар қатысады. Енді олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орын алған біздің оқушыларымыз республикалық кезеңге қатысып, біздің Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.

РКС: Целиноград ауданына қарасты Жаңажол негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Мұхаметжан Серікболсын информатика пәнін таңдаған. Түрлі байқауларда да өз бағын сынап жүрген талантты жастың бірі. Сонымен қатар, болашақта мамандығын информатика пәнімен байланыстырмақшы. Ал олимпиадада тіпті 7-8 сыныптың да оқушылары өз білімдерін дәлелдеуге келген. Солардың бірі- Білім-инновация лицейінің 8-сынып оқушысы Асанәлі Жүніс.

СНХ: АСАНӘЛІ ЖҮНІС, БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ЛИЦЕЙІНІҢ 8-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: 8-сынып оқысам да қазіргі кезде 9-сыныптармен бірге облыстық олимпиадаға қатысамын. Мені осы олимпиадаға даярлаған ұстазым Әли ағай деген ұстаз. Білім-инновацияның химия пәнінің ұстазы. Үздік нәтиже көрсетемін деген ойдамын.

РКС: Айта кетейік, республикалық пәндер олимпиадасы екі күнге созылмақ. Қорытындысы қаңтардың 9-ы күні анықталады. Ал олимпиада жеңімпазы атанған оқушылардың республикалық деңгейге жолдама алып, облыс намысын қорғайды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ