ДИКТОР: Шаштараз – жай ғана кәсіп емес, үнемі жетілдіріп отыруды қажет ететін нағыз өнер. Көкшетау қаласының тұрғыны Инна Цветкова 14 жылдан бері өзіне келген клиенттерге түрлі шаш үлгісін жасап, үнемі ізденіп жүретін еңбекқор маман. Осы жылдар ішінде ол айтарлықтай тәжірибе жинап, уақытпен ілесіп дамып келеді.
РКС: Инна Цветкова – әмбебап шаштараз. 2011 жылы Атбасар қаласындағы ауыл шаруашылығы-индустриалды колледжін бітіріп, аталған мамандық бойынша арнайы курстан өтті. Ол қазір ерлердің де әйел адамдардың да кез келген күрделі шаш үлгісін жасап, бояп, күрделі сәндеулерді жасайды.
СНХ: ИННА ЦВЕТКОВА, ШАШТАРАЗ: Әмбебап шаштараз болудың жақсы жақтары әрине басым. Өйткені бір отбасының барлық мүшелері бір ғана шеберге келуі мүмкін. Тек әйелдердің шаштарын әсемдеп қана қоймай қазіргі уақыттағы сәнге айналған пикси сияқты шаш үлгісін машинкамен орындаймын. Яғни болашақ шаштараздарға бірден әмбебап мамандығын алуға кеңес беремін.
РКС: Инна Цветкова әрбір шаш қиюға жұмыс ретінде емес, клиенттің ерекшелігін ашатын өнер деп қарауға тырысамын. Табыстың басты құпиясы – клиенттерге деген ілтипат, жақсы қарым-қатынас пен үнемі ізденіс үстінде болуымда дейді.
СНХ: ТАТЬЯНА АНТОШКИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Барлық отбасымызбен соңғы 6 айдан бері осы жерге келіп, Иннаға шашымызды қидыртамыз. Көңілімінден шығады. Оның қолдары жеңіл, шашымыз тез өседі. Және бұл жердегі атмосфера ұнайды. Шеберіміздің кәсібі кеңейе берсін деймін.
РКС: Алдағы уақытта шебер сән саласында жаңа белестерді бағындыруды мақсат етіп отыр. Нағыз кәсіпқой маман ешқашан заман көшінен қалмайды деп есептейді ол.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.