ДИКТОР:Шортанды ауданына қарасты Ключи және Төңкеріс ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында екі фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы аяқталды. Бұл нысандар шұғыл көмек, профилактикалық тексерулерді қоса алғанда, тәулік бойы медициналық қызмет көрсетеді.

РКС: Бір фельдшерлік-акушерлік пункт бір ауысымда 40 адам қабылдай алады. Мұнда күндізгі стационар, терапевтік, акушерлік, физио, екпе және емшаралық кабинет бар. Сондай-ақ осында дәріхана да орналасқан. Бұл емдеу орнына келгендер үшін тіпті ыңайлы.

СНХ:МАЙРАШ ҚЫПШАҚПАЕВА, ТӨҢКЕРІС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ашылып жатқан медпункт қайырлы, құтты болсын! Бізге осындай үлкен жерде жақсылық жасап жатыр. Ол енді Алладан қайтсын, тек жақсылық болсын! Ендігі біздің тілегіміз - осы медпунктке жақсы врачтар келсе, соны тілейміз. Бізге басқа ауылға бару қиын болып еді, енді міне ауылымызда ашылып, соған риза болып отырмыз!

РКС:Қазір фельдшерлік-акушерлік пункттің әрқайсысында 3 маманнан жұмыс істейді. Медициналық пункттер арнайы замануи жабдықтармен жабдықталған.

СНХ:ВЛАДИСЛАВ ҚАЛИЕВ, «ATLAS MEDICAL TRADE» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Төңкеріс ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуына орай медициналық жабдықтар берілді, оның 90 проценті Қазақстанда жасалған. Соның бірі осы нысанға орнатылды. Ол АSTAR магнитотерапия аппараты. Медициналық жабдық толық жиынтықпен жарақтандырылған. Жуыр арада іске қосылады.

РКС:Сондай-ақ, өткен жылдың соңында Новокубанка ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Биыл Пригородное ауылында да осындай әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр, -деп атап өтті аудандық құрылыс бөлімінің басшылығы.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ