ДИКТОР: Бурабай ауданына қарасты Зеленый Бор ауылында бокстан 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтуде. Аталған жарысқа 110-ға жуық спортшы қатысты. Ең мықтылары 4 күннен соң анықталады.

РКС: Ең мықты боксшылар 16 салмақ дәрежесінде анықталады. Әлібек Нұргелді 40 келіге дейін салмақта өнер көрсетуде. Ол 6 жыл бойы бокспен айналысып келеді. Бұған дейін аудандық жарыстарға жиі қатысып, бағын сынап келген. Жақында ауыл спорт жарысына қатысып 2-ші орынды иеленді.

СНХ: ӘЛІБЕК НҰРГЕЛДІ, БОКСШЫ (ҚОРҒАЛЖЫН): Облыс жарысына бірінші рет қатысып отырмын. Мен 37 келі салмақта бокстасамын. Бүгінгі сопернигімді 1 раундта жеңдім. Осы бокспен айналысып жүргеніме 6 жыл болды. Нақты мақсат Олимпиада чемпионы болу.

РКС: Жарыс ережесіне сәйкес 16 салмақ дәрежесінен бір жеңімпаз ғана анықталады, ол ел чемпионатына жолдама алады. Қатысушылар өнер көрсететін минималды салмақ 30, максимум – 70-тен жоғары.

СНХ: ЮРИЙ ДЕРГУНОВ, ОБЛЫСТЫҚ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Биыл облыс құрамасын іріктейміз, содан кейін Қазақстан чемпионатына қатысамыз. Қазір жарысқа 14 аймақ келді. Бокс Щучинск, Жақсы, Степногорск, Атбасар қалаларында, Целиноград ауданы мен Көкшетауда жақсы дамып келеді.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатына қатысатын облыстың жасөспірімдер құрамасы жасақталады. Аталған ел біріншілігі қаңтардың 22-сі мен 28-і аралығында Қостанай қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.