ДИКТОР: Ақмола облысында мектепке дейінгі 17 білім беру ұйымында «жасыл балабақша» бағыты іске қосылды. Экологиялық шараға бір мыңнан астам бүлдіршін жұмылдырылған. Олар балабақша ішін көгалдандырып, гүлдердің түр-түрін егеді. Бұл балғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
РКС: Зерендідегі «Арайлы» балабақшасының дәлізі кәдімгі гүлзар бақтан кем емес. Мұнда 10-нан астам гүлдің түрі бар. Бөбекжай тәрбиеленушілері күн сайын осылай өсімдіктерді суарып, топырағын қопсытып тұрады.
СНХ: ШЕРХАН ЖАНАРБЕК, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Бұл жерде біз дән егеміз. Оларға керек түп жасаймыз. Су құямыз. Олардың жерлерін түрлі қоспалармен құнарландырамыз.
СНХ: ЖАНӘЛИ ЕРҒАЗИЕВ, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Мына жерде бізде дәруменді өсімдіктер өседі. Ал, мына жерде бізде емдік өсімдіктер өседі. Олармен емдеуге болады. Сол себепті біз оны «жасыл дәріхана» деп айтамыз.
РКС: Хош иісті гүлдердің бір парасы балалардың ойын бөлмелеріне де қойылған. Тәрбиешілердің сөзінше, ол лас ауаны тазартады. Балғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Ал, егілетін әр гүлді балабақша басшылығы қатаң тексеріп отырады.
СНХ: ГҮЛМИРА ҚҰСАЙЫНОВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ: Біздің аймаққа келетін өсімдіктерді егуге тырысамыз. Өйткені, оны балалар өздері де үй жағдайында көріп жүрген өсімдіктерді егеміз. Балаларға соларды дәнінен бастап, ары қарай оның қалай өсуіне дейін көрсетіп, үйретеміз. Қазір бізде 100-ден аса өсімдіктер өсіп жатыр. Оның бір 10-15 түрі бар.
СНХ: БАҚЫТГҮЛ ЕСЖАНОВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: «Жасыл балабақша» жобасы тек «Арайлы» балабақшасында ғана емес, сонымен қатар Зеренді ауылындағы «Балауса» бөбекжайында, Красный Кардон ауылының негізгі мектеп жанындағы «жұлдыз» шағын орталығында екінші жыл жақсы қолға алынып, жүзеге асырылып келе жатыр. Бұл жоба қазіргі кезде мына өсіріп жатқан көшеттерінің, өсімдіктерінің нәтижелерін көріп отыр.
РКС: Жалпы, «жасыл балабақша» бағыты тек осындай өсімдік өсірумен ғана шектелмей, балаларға экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Қазір аймақта әзірге 17 бөбекжай ғана жаңа бағыт бойынша жұмыс істейді. Білім басқармасындағылар алдағы уақытта жасыл желекті балабақша саны арта түсеріне сенім білдірді.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ