ДИКТОР: 60 жылға жуық уақыт бұрын қолданысқа берілген Ақсу кентіндегі № 2 орта мектепте екі ауысымда 180-ге жуық бала білім алады. Биыл ғимараттың іші мен сырты толық күрделі жөндеуден өтті.
РКС: Білім ошағында соңғы 56 жыл ішінде алғаш рет түбегейлі өзгерістер орын алды. Биыл білім беру мекемесіне сенсорлық тақталар орнатылып, жабдықтар жаңартылды, үстелдер мен орындықтар сатып алынды. Осы өзгерістердің барлығы білім сапасына оң әсер етеді,-дейді сала мамандары.
СНХ: РОЗА КРЫЛАТАЯ, АҚСУ КЕНТІНДЕГІ № 2 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектебіміз алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Жайлы, жарық, таза. Барлық ата-ана, оқушылар, мектеп ұжымы облыстық әкімдікке, қалалық әкімдікке, Степногорск қаласының білім бөліміне, кентіміздің жергілікті әкімдігіне алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, Ақсу кентінің аумағында орналасқан «Алтыналмас» кәсіпорына да ризамыз. Көптеген ата-ана күрделі жөндеу жұмыстарына тікелей араласты. Жөндеуден кейін тазарту жұмыстарын жүргізуге көмектесті.
РКС: Мектепте робототехника кабинеті ашылды. Үйірме қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазір 4 топ робототехниканың қыр-сырын меңгеруде. Сондай-ақ, балалар шахмат, ұлттық ойындар ойнауды үйренеді. Волейбол, баскетбол, шағын футбол, футбол және теннис секциялары жұмыс істейді. Мектеп оқушылары қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларда, жарыстарға белсене қатысады.
СНХ: САҒДАТ ОМАРОВА, АҚСУ КЕНТІНДЕГІ № 2 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Негізі біз өзіміздің үздіктерімізді мақтан етеміз. Олар бүгінгі күні отыздан асты. Жылдан жылға біздің мектебімізде білім сапасы артуда. Өткен оқу жылында біз 68,3 % көрсеттік. Жалпы мектебімізде 2 ауысымда қызмет етеміз, 2 тілде оқытамыз. Сонымен қатар, бірінші бізде мектепалды даярлық сыныптар бар. Ол мектепалды даярлық сыныбында 14 оқушы оқиды.
РКС:Бұдан бөлек, 2012 жылдан бастап мектеп жанынан "Балдәурен" шағын орталығы ашылған. Онда мектеп жасына дейінгі 40-қа жуық бүлдіршін білім нәрімен сусындап жатыр.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.