ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша Автожол, білім және құрылыс салаларында өзекті мәселелер бар. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
РКС: Автожол саласында бірқатар заңсыздық анықталды. Жолдарды жөндеуге қатысты жобалық сметалық құжаттамада бағаны негізсіз өсірудің 3 фактісі тіркелді. Сондай-ақ, мердігерлердің сапасыз құрылыс материалдарын қолданғаны да анықталды. Бұл өз кезегінде жолдарды пайдалану мерзіміне кері әсер ететіні сөзсіз.
СНХ: АСХАТ ОРАЗХАН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Мәселен, облыстық маңызы бар Аршалы ауданында автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жобасы бойынша смета құны 764 млн. теңгеге негізсіз артық көрсетілген. Жобада уақытша айналма жолдың құны 764 млн. теңгеден 1 млрд. 100 млн. теңгеге дейін өскен. Осыған орай біз облыс әкімдігіне хат жолдадық. Нәтижесінде жобаның бағасы қайта қаралып, үнемделген 512 млн теңгеге Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылында су құбыры салынды.
РКС:Сондай-ақ білім беру саласында есепшілердің қаражатты жымқыру деректері анықталды. Мұндай жағдай Астрахан ауданы мен Степногорск қаласында тіркелген. Мектептерде аванс төленпі келген. Сондай-ақ өзгелердің реквизиттері бойынша өздерінің есепшоттарына қаржы аударып отырған. Мұндай тәуекелдерді жою мақсатында «Бухгалтерлік операциялар мәліметтерінің бірыңғай сақтау орны» жобасы жасалды. Сондай-ақ жергілікті деңгейде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процесін цифрландыру жүзеге асырылды.
СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бірыңғай жүйенің болуы жұмысқа ресми қабылдау, жалақыны үшінші тұлғалардың тегі аты-жөнімен өз карт шоттарына аудару, бюджеттік өтінімдерде көрсетілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жеткізушілерге жеткізілмеген тауарлар, жұмыстар көрсетілетін қызметтерді ақы төлеу бөлігінде тәуекелдерді болдырмауға мүмкіндік береді.
РКС: Отырыс барысында Комиссия өкілдері мемлекеттік жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Қабылданған шаралар мен ұсынымдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және қызметтің ашықтығын арттыруға бағытталған.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ