ДИКТОР: Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, ондаған кітаптың авторы Әлия Ахетова «Тебе, мой город» атты жаңа кітабын оқырманына таныстырды. Жазушы оны Көкшетаудың 200 жылдығына орай басып шығарды. Айта кетейік, Әлия Ахетова бұл кітапты жазуға 20 жыл уақытын арнапты. Кітаптың алғашқы бөлімі-лирикалық этюдке толы. Онда жазушы өзінің туған өңіріне деген махаббат жайында баяндайды. Әлия Ахетова осында өмір сүріп жатқан адамдарды жақсы көрген кезде қала бейбітшілік әлеміне айналады,-дейді. Жазушы Көкшетаудың дамуына өлшеусіз үлес қосқан танымал тұлғалардың ерен еңбегін туындысына арқау еткен.
СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ «SENIM» КӘСІПОДАҚТАРЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл жазушының алғашқы туындысы емес, 20-жуық кітабы жарық көрді. Бірақ, осы соңғы туындысы менің жүрегіме жетті. Өйткені, дәл осы шығарма медицина қызметкерлері, дәрігерлер жайында. Әлия облыс аумағындағы ғана емес, республика бойынша денсаулық саласы қызметкерлерімен тығыз байланыста.