ДИКТОР: "Целингормаш" серіктестігі 20 жылдан астам жұмыс істейді. Мұнда тау-кен өндірісінің, сонымен қатар арнайы техникаға, химия саласы кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектер мен өзге де жиынтықтар өндіріледі. Биыл кәсіпорында жаңа цехтар ашылып, неміс қондырғылары орнатылды. Айта кету керек, кәсіпорын жылына 500 млн.теңгенің өнімін өндіреді.

 РКС: "Целингормаш" серіктестігінде еңбек ететіндердің дені өз ісінің нақты шеберлері. Юлия Ужакина мен Геннадий Агеев ерлі-зайыптылар. Екеуі де токарлық жабдықта, фрезерлік станоктарда жұмыс істейді. Юлия 2001 жылы жұмысқа орналасты. Сол жерден өзінің бақытын тапқан. Қазір екеуі Антон есімді ұл тәрбиелеп отыр. Зауытта токарь болып жұмыс істеу менің өмірінің мәні еді,-дейді кейіпкер.

СНХ: ЮЛИЯ УЖАКИНА, ТОКАРЬ-ФРЕЗЕР: 4-сыныптан бастап арман болды. Бізді сол кезде Степногорск подшипник зауытына, кеңес заманында сыныппен экскурсияға апаратын. Кездейсоқ сол жерге металл жұмысы әкелінді, сол жерде алғаш көрдім. Металмен жұмыс істеп жатқан сәтті көрген кезде көзім жанып кетті. 9-сыныпты бітіргеннен кейін мен токарь болам деп нақты шештім. Осы күнге дейін мен өз жұмысымнан тек ләззат аламын. Жұмысқа бар жан-тәніммен беріліп кетемін. Түсінбей қалған жерімде әріптестерім көмектесіп, технологтар, мамандар айтып жібереді.

СНХ: ГЕННАДИЙ АГЕЕВ, ФРЕЗЕР: 13 жылдық фрезерлік тәжірибем бар. Мұнда мен токарлық шеберлікті, карусель бизнесін игердім. Маған металды өңдеген ұнайды.

РКС: Юрий Серафимчик бұл кәсіпорында 1990 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде ол өндірістік кешеннің бастығы.

СНХ: ЮРИЙ СЕРАФИМЧИК-ӨНДІРІСТІК КЕШЕННІҢ БАСТЫҒЫ: Зауыт жылу-электр орталығында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылған. Жанымызда тау-кен-металлургия зауыты бар. Механикалық өңдейтін жер, дәнекерлеу қазандықтары да бар. Жаңа цехтар, металл конструкциялары салынды. Көпшілігінің еңбек өтілі 20 жылдан асады. Техникалық қызметкерлер мықты мамандар. Тапсырыс берушілер тарапынан еш наразылық болған емес.

РКС: Металл құрылғыларын жасайтын цех екі жыл бұрын жаңартылды. Оны монтаждаушылар, дәнекерлеушілер, шеберлер өндірістегі технологиялық процесті бақылап отырады. Айта кету керек, қондырғының қуаттылығы айына мың тоннаға жуық. Кәсіпорынның негізгі қызметі-машина жасау. Заводское ауылында орналасқан зауыт жыл озған сайын қарқынды дамып келеді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.