ДИКТОР: Соңғы жарты ғасырға жуық демікпе әлемдегі кең таралған аурудың біріне айналды. Бронх демікпе сырқатының өсу көрсеткіші мәселесіне қоғам назарын аудару мақсатында жыл сайын 11 желтоқсанда Дүниежүзілік күрес күні аталып өтіледі.

РКС: Бронх демікпесі-кең тараған аллергиялық ауру. Қазір ол шамадан тыс кең таралған. Соңғы жылдардағы зерттеулер көрсеткеніндей, түрлі ауырлық дәрежесіндегі патологиядан әлем тұрғындарының 10 процентке жуығы осы сырқаттан зардап шегіп отыр.

СНХ: МӘРИЯМ АЛТЫНБЕКОВА, ДӘРІГЕР-РЕАНИМАТОЛОГ: Бронх демікпесі- бұл бізде гетерогендік сипатқа ие қайтымды ауру. Тыныс алу жолдарының абструктивті белгілерімен сипатталады. Негізгі қауіп факторлары, ең алдымен, генетикалық бейімділік. Бұған дейін отбасының бір мүшесі, ата-анасы, ата-әжесі бронх демікпесімен ауырған болса ол тұқым қуалауы мүмкін. Бұдан бөлек, тамақтан, химиялық заттардан,өзгеде факторлардан да бұл сырқат өршуі ықтимал.

РКС: Дәрігерлер бронх демікпесінің пайда болуына иммунитеттің төмендеуі әсер етуі мүмкін екенін де алға тартып отыр. Белгілі бір симптомдарды уақытылы анықтау маңызды.

СНХ: МӘРИЯМ АЛТЫНБЕКОВА, ДӘРІГЕР-РЕАНИМАТОЛОГ: Бронх демікпесінде негізінен түнде жөтел күшейеді. Ұйықтар алдында, ұйқыдан кейін 2-3 рет қайталанды ма, осы жағына ерекше назар аудару қажет. Таңертең оянғаннан кейін де байқау керек.

РКС: Бронх демікпесінің алдын алудың бірнеше алғышарты бар. Мысалы, темекі шегуден бас тарту арқылы ұзақ және тұрақты ремиссияға қол жеткізуге болады. Сондай-ақ ол аурудың даму қаупін азайтады.

СНХ: БАҒЛАН СЕЙІТМАҒАМБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ПУЛЬМОНОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Аурудың алдын алу шаралары да әртүрлі. Мәселен, бронх демікпесімен немесе оның өршуіне тікелей әсер ететін факторлардан алшақ болу. Күн сайын үй-жайдың ішін дымқыл тазалап отыру қажет. Яғни мүмкіндігінше шаңның жиналуына жол бермеу керек.

РКС: Кез келген жағдайда әр адам өз денсаулығына мұқият болуы керек. Ал аурудың белгілерін байқаған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгінген абзал. Бір сөзбен айтқанда, аурып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу қағидасын естен шығармаған жөн.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ