ДИКТОР: Көкшетауда студенттер мен жұмысшы жастар арасындағы «Облыс әкімінің кубогы-2024» көңілді жастар алаңы өтті. Ойынға Ақмола облысы мен Петропавл қаласынан 14 құрама қатысты. Керемет әзілдерінің куәсі болып қайтқан тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Ақмола облысында әзіл қозғалысын насихаттау және кеңейту аясында өткізілген шараға келген көрермендер қағытпа қалжын мен әдемі сахналық қойылымдардың куәсі болды. Іс-шараның ұйымдастырылуы мен құрамаларының дайындығы жоғары деңгейде болғаны сөзсіз.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бір ай бұрын Жастар кубогы өткізілген болатын, 300 бен 200 мың теңге жүлделі қоры болған. Төрт аудан қатысады, яғни Зеренді ауданының «Абай сити» командасы, Шортанды ауданының колледжі қатысып жатыр, Шортандының мектеп оқушылары мен Астрахан ауданының колледж студенттері қатысады. Біздің ойынымыз жан-жақты жастарды өзіне баулу және өзін жақсы ықпалын тигізу екен жастарға.

РКС: 14 құраманың барлығы қоғамдағы мәселелерді ерекше стильде бейнеледі. Сөз тапқырлығымен ерекшеленген Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Алау» командасы болды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: «АЛАУ» КОМАНДАСЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ: Біздің дайындықтағыдай өнер көрсеттік. Қалған командаларының дайындықтары да өте мықты. Барлығы да чемпиондыққа лайықты командалар. Әділ-қазыларға ұнайды деген үміттенеміз. Көтеретін мәселелерді көтердік. Көкшетаудың атынан қатысып отырған жалғыз местный командамыз. Өзіміздің универдің атын шығару үшін барлық шуткаларымызды сапалы болуға тырыстық. Жеңіске деген үмітіміз өте үлкен. Дайындықтарда ойнағанда жоғары деңгейде өнер көрсеттік деп ойлаймын. Өте жоғары деңгейде өтуде осы әкім кубогы. Төрешілер де өзінің әділ бағасын береді деп ойлаймыз. Әкім кубогы өте күшті өтеді деген ойдамын. Әділ-қазылар өз бағасын береді деген ойдамын. Және де бізді қолдап келген көрермендерге көптен-көп рақмет!

РКС: «ЖАЙДАРМАН ЖІГІТТЕР» КОМАНДАСЫ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ: Бұл ойынға өте қатты дайындалдық. Өзіміздің Степногорск қаласында қала әкімі кубогына қатысып, осы жаққа жолдама алып, бас жүлде алдық. Бүгінгі ойыннан кейін бас жүлде біздікі деп ойлаймын.

РКС: Ойынның қорытындысы бойынша 1-ші орын, яғни 1 миллион теңгелік ақшалай сертификатпен «Солтүстік» құрамасы, 2-ші орын және 600 мың теңге сертификатымен «Жақсы» құрамасы, 3-ші орын және 400 мың теңге сертификатымен «Ақмола облысының құрамасы» марапатталды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ