ДИКТОР: Көкшетауда отбасын қолдау орталықтарының қызметін жетілдіруге және полимодальды кеңесшілерді даярлауға бағытталған практикалық семинар-тренинг өтті. Ондағы мақсат отбасын қолдау орталықтары мен мобильді топтар мамандарының отбасыларға тиімді көмек көрсету бойынша кәсіби құзыреттілігін арттыру, түрлі өмірлік жағдайларда туындаған мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік беру.
РКС: Семинар-тренинг 4 күнге жоспарланған. Оған өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен жұмыс істейтін әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, ішкі істер саласының мамандары, балалар қүқықтары жөніндегі уәкілдер, жергілікті жерлерде құрылған мобильдік топтардың жетекшілері және өкілдері жиналған.
СНХ: ІҢКӘР ТҰРСЫН, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ОТБАСЫ САЯСАТЫН ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ: Бұған дейін біз еліміздің 14 облысында болдық. Семинардың басты мақсаты ведомствоаралық жұмыстың байланысын күшейту және отбасын қолдау орталықтары қызметкерлерінің дағдыларын қалыптастыру. Жалпы біздің отбасын қолдау орталықтарының 48 жұмыс істейді. Қиын отбасылық жағдайға душар болған адамдарды дер кезінде анықтау және жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған.
РКС: Степногорск қаласындағы отбасын қолдау орталығы 2023 жылы ашылған. Оған наурыз-желтоқсан айлары аралығында 461 адам хабарласқан. Биыл 1200-ге жуық адамға қызмет көрсетілген.
СНХ: САЛТАНАТ ЖЕТПІСБАЕВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Орталыққа кез-келген отбасы хабарласа алады. Мысалы үлкен дүкендер желісін ұстайтын отбасы мүшелері хабарласты. Оларда ата-ана мен бала, ересектер арасында өзара түсініспеушілік орын алған. Отбасының әр мүшесімен психолог жеке жеке сөйлеседі. Орталыққа телефон арқылы хабарласуға және келіп те көмек алуға болады. Кім хабарласты, онда не айтылды бар ақпарат құпия сақталады.
РКС: Семинар-тренингте жиналғандар өзара тәжірбие алмасып, түйткілді сұрақтарды ортаға салды. Облыс аумағында алдағы уақытта тағы бірнеше отбасын қолдау орталығы ашылмақ.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ