ДИКТОР: Степногорск қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 13 адам өздерінің бизнес-идеяларын іске асыруға қайтарымсыз гранттар алды. Айта кетейік, биыл 168 ақмолалық аталған мемлекеттік қолдауға ие болды.
РКС: Азаматтардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесу мақсатында 96 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға өтінім берді. Курстар «Skills.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимде өтті. Оқыту соңында 67 степногорлық сертификатқа ие болды. Кейін азаматтар мемлекеттік қолдау ретінде қайтарымсыз грант алу үшін өз жобаларын таныстырды. Солардың бірі-Степногорск қаласының тұрғыны Данагүл Мәулиева. Ол өзінің тігін студиясын ашты.
СНХ: ДАНАГҮЛ МӘУЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өзімнің тігін цехымды ашып, осында жөндеу жұмыстарын жасадым. Мен 1 миллион 400 мыңға сатып алған тігін машиналарды қойдым. Мен көп балалы анамын. Өткен жылы менің әпкем Іңкәр грант жеңіп алған соң, биыл мен де өз бағымды сынап көргім келді.
РКС: Айымгүл Рақымжанованың жобасын да мақұлдады. Ол балаларға шаштараз қызметтерін ұсынатын студия ашты. Студияға керекті жабдықтарды сатып алу үшін берілген қаражатты жұмсады.
СНХ: АЙЫМГҮЛ РАҚЫМЖАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен өтеусіз бастауыш бизнес грантын ұтып алдым. Қалада балалар студиясын аштым, бизнес-жоспар жаздым, ол мақұлданды, өйткені біздің қалада балаларға арналған шаштараз жоқ. Балаларды туғаннан бастап 16 жасқа дейін құжаттар бойынша қабылдаймыз.
РЗК: 13 гранттың жалпы соммасы - 19,2 млн. теңге. Қалада өткен бизнес-форумда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге көрмеде өз өнімдері мен тауарларын көрсетуге мүмкіндік берілді.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.