ДИКТОР: «Достар» мәдениет сарайында асқақ рухты қазақтың ұлы батырларының бірі Баубек батырдың 200 жылдығына орай, «Азат рухты Баубек батыр» атты облыстық айтыс өтті.

РКС: Айтыстың басты мақсаты - дәстүрлі айтыс өнерін насихаттау, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, қол жеткізген табыстарын, кешегісі мен бүгінгісін жарқыратып жыр жолдарымен өрнектеу, шешендік өнерді шыңдау болды. Айтысқа Ақмола облысының Көкшетау қаласы мен Аршалы, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Ерейментау, Шортанды аудандарынан 16 айтыскер ақын қатысты.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ҚҰРМЕТХАН ҚҰРАЛХАН, АЙТЫСКЕР АҚЫН /АРШАЛЫ АУДАНЫ/: Жалпы бүгінгі айтыс Ақмола облысының өңіраралық аудандарынан келіп жатқан ақындардың, көріне алмай сахнаны сағығынып жүрген ақындардың бір әдемі көрініп қалынуына, айтыста бір шауып қалуына үлкен мүмкіндік. Бұл айтыс тек облыстық ғана айтыс емес, бұл біздің кешегі Абылайханның тұсында қол бастаған Кенесарының сенімді қолбастар батырларының бірі ұлт-азаттық көтерілісіне қарсы шыққан батырлардың бірі және бірегейі Баубек батырға арналып отыр. Өзі жат жұртқа кетіп бара жатып, шынашағын кесіп беріп,мен қайта оралмаймын туған елге, өлсем осы шынашағымды туған жерге көмесіңдер деп бір-ақ ауыз сөзі қазақ халқының рухын оятуға, қазақ халқының сенімінің бар екеніне білдіріп кеткен сондай тұлға.

РКС: Қазақтың әдеби мұрасын ортақтастырып, рухани қазынасын байытып, суырып салма ақындық өнерін кеңінен насихаттап жүрген айтыс өнерінің майталмандары ізін жалғастырып келе жатқан ақындар да Көкше өңірінде өткен айтысқа өздерінің ықыластары мен ізгі тілектерін жолдады жиналған қауымды өнердің өлшеусіз бұлағынан сусындатты.

СНХ:ЕРЛАН ДӘУЛЕТ, АЙТЫСКЕР АҚЫН /ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ/: Бұл айтысқа біздің Ақмола облысының аудандарынан және де қалаларынан қарымды,дарынды,жалынды жас ақындармен кешегі 89 жылдары айтысқа түскен халықаралық айтыстың жеңімпаздары Қадыжәлел Сахария ағамыз бастаған әйгілі ақындар қатысып жатқан жайы бар. Бұл айтыстың мәні өзгеше. Себебі, бұл айтыс біздің Ақмола өңірінде осы айтыскерлік өнерді дамытуға арналған десек те болады. Яғни, биылғы жылды қорытындылау айтысы. Сондықтан ақындарға сәттілік тілейміз, шабыс тілейміз!

РКС: Айтыста 8 жұп ақын өз өнерлерін ортаға салды. Айтыс қорытындысы бойынша ІІІ орынға шыққан Аягөз Абдуалиева лайықты деп танылды. ІІ орын Думан Саматқа бұйырды. І орынды Зеренділік Екпін Сәбетхан еншіледі. Бас жүлдені Көкшетаулық азулы ақын Мұхамед Қоңқаев қанжығасына байлады. Айтыстың барлық қатысушылары диплом және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ВАСИЛИИ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ