ДИКТОР: Облыстық мәслихат депутаттары «AMANAT» партиясы сайлауалды «Халықпен бірге!» бағдарламасының іске асыруын және Жол картасын орындамау тәуекелдерін талқылады. Ақмола облыстық мәслихатында партия фракциясының жиналысында жауапты ведомство басшыларының баяндамалары тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша жыл соңына дейін жобаларды орындау жөнінде ұсыныстар берілді.

РКС: Биыл жергілікті маңызы бар автожолдарын және өңірдің көше-жол желісін салу мен жөндеуге шамамен 70 миллиард теңге көзделіп, 130-дан астам жоба іске асыру жоспарланған. Жұмыстар 600 шақырымға жуық облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда, сондай-ақ елді мекендер ішінде де жүргізілді.

СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «AMANAT» партиясының сайлауалды жол картасын орындау аясында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жергілікті маңызы бар 292 шақырым жол және 80 шақырым көше жөнделді. Облыстық маңызы бар автожолдарында көпір салуда басқарма «Атбасар-Сочинское» жолының 19-шы шақырымдағы көпір салу»» және «Есіл-Свободное-Раздольное» жолының 13-ші шақырымдағы көпір салу»» жобалары іске асыруда. Бұл жобалар 2018 жылы әзірленді, алайда жобалардың уақтылы іске асырылмауының себебі жол-құрылыс материалдарының күрт қымбаттауы болды. Жобаларды іске асыру кезеңінде кейбір жол-құрылыс материалдары екі есе қымбаттады.

РКС: Өңірде «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасында 135 шара көзделген. Мамандардың айтуынша, орындалған шараларымен қатар 40 пайыздан астамы орындау сатысында. Алайда, 24 шара бойынша белгіленген мерзімде үлгермей қалу қаупі бар.

СНХ: ЕРНАР ЖАРКЕШОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жол картасын іске асыру барысында шаралардың басымдылығы да өзгереді. Облыстық бюджет тапшылығы да бар. Бұл облыстағы су тасқыны жағдайын жою сияқты қосымша шығындарға байланысты. Республикалық бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру, сонымен қатар жобалардың қымбаттауы, орталық мемлекеттік органдардың жыл сайынғы жаңа нормативтік құқықтық актілердің қабылдауы да ықпал етеді.

РКС: Жол картасының әрбір шарасын орындауға жауапты мекемелер бар. Бұл салалық басқармалар мен өңір әкімдіктер. Депутаттар жыл аяқталуына байланысты шаралардың іске асырылу барысын ерекше бақылауға алу қажет екенін атап өтті.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.