ДИКТОР: Өңірде алғаш рет Қазақстан халқының студенттік Ассамблеясы құрылды. Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті таңдалып, жоғары оқу орнының қабырғасында арнайы шара өтті. Онда студенттер Ассамблеясын құрудың маңыздылығы түсіндіріліп, оның құрамы мен төрағасын бекітті.

РКС: Отырыста қатысушыларға этносаралық қатынастар саласында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен «Жастар Ассамблеясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметі туралы айтылды. Өз кезегінде университеттің студенттік парламент мүшелері жобаларын ұсынды. Бұл жоғары оқу орнының студенттері арасындағы этносаралық келісімді нығайтуға және оқу орнынан тыс мәдени бірлестіктермен ынтымақтастыққа бағытталған бастамалар.

СНХ: ХАВА ОЗИЕВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Студенттермен этносты біріктіретін қандай да бір іс-шаралар ұйымдастырылғанын қалаймын, басқа елдерден мысалы Үндістаннан, Пәкістаннан келген студенттерді де қатыстыру керек. Сондай-ақ, біз басқа елге барған кезде, қандай ұлт екенімізді айтпай тек қазақстандық екенімізді айтқанда бізді бірден танығанын қалаймыз.

РКС: Студенттік ассамблея құру туралы шешім жастарды этносаралық салада болып жатқан белсенді процестерге тарту үшін қабылданды. Олардың идеялары мен шығармашылық жобалары университетте оқитын әр түрлі ұлттық өкілдер арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етпек.

СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ: Бұл студенттердің дені осында дүниеге келген, осында білім алуда, тиісінше біздің Отанымыздың дамуына, этносаралық келісімді нығайтуға өз үлесін қосқылары келеді. Біздің университетте түрлі этностардың 30-ға жуық өкілі білім алуда. Мұнда біз білім беру процесінің ең маңызды, белсенді қатысушыларын жинадық.

СНХ: МАХМУДЖАН ДАВРАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ӨКІЛДІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ассамблеялық ұйымның мақсаты университет қабырғасындағы этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді насихаттау және өздерінің ынтымақтастығын, достығын дамыту үшін және қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысу үшін студенттік ұйым ашылғалы отыр. Және бұның бізге, Қазақстан Ассамблеясына берер пайдасы өте мол деп есептейміз.

РКС: Кейіннен Қазақстан халқының студенттік Ассамблеясы бірқатар оқу орындарында құрылатын болады. Ол Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен қаладағы бірнеше колледждерде ашылмақ.

САБИНА ЖАМШИТОВА, КАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.