ДИКТОР: Степногорск қаласының жоғары колледж студенттеріне нашақорлықтың алдын алуға бағытталған дәріс өтті. Осы тақырыпқа 50-ден аса оқушы қызығушылық танытты.
РКС: Дәріс интерактивті сауалнамадан басталды, онда студенттер адам өміріне есірткінің әсері туралы ойларымен бөлісті. Кейін прокурор 2024 жылғы қылмыстық құқық бұзушылықтар жөнінде статистиканы ұсынды. Ол интернет-кеңістікте есірткі жарнамаларын анықтау бойынша мониторинг жүргізіліп жатқанын атап өтті.
СНХ: БЕКАРЫС АЛМАҒАНБЕТОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Ағымдағы жылы есірткіге қатысты бізде 40 шақты қылмыс тіркелген. Сол 40 шақты қылмыстың 20-сы сотқа жолданған. Яғни, 20 қылмыстық іс бойынша сот үкімдер шыққан болатын. Жалпы осы дертке қатысты Степногорск қаласының аумағында көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр лекциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер. Осы дертті жеңеміз деп үміттенеміз.
РКС: Дәріс барысында спикерлер есірткі заттарының таралуы мен қолданылуының салдары туралы ақпарат берді. Күйзеліс, отбасындағы проблемалары сияқты есірткі қолдануға ықпал ететін факторлар талқыланды.
СНХ: МИЛАНА РАШИТОВА, СТЕПНОГОРСК ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Есірткінің алдын алу тақырыбында дәріс өтті. Біздің қалада, біздің колледжде осы тақырыпта көптеген іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар өткізіледі. Бүгінде есірткі өзекті мәселе, сондықтан әкімшілік біз үшін мәдениет үйлерінде көптеген іс-шаралар өткізеді және біздің колледж студенттері есірткіге қарсы күреске белсене қатысамыз.
РКС: Степногорск қаласының қоғам қайраткері, спортшы Арман Мұхаметжанов жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
СНХ: АРМАН МҰХАМЕТЖАНОВ, СПОРТШЫ, БЛОГЕР: Менің ойымша, нашақорлықпен күресу керек, ол үшін бұл жағымсыз нәрселерден бас тартуы үшін жағдай жасауымыз керек. Степногорск қаласында көптеген спорт залдары, ММА залы, бокс залы ашылды. Мені осындай іс-шараларға шақырғанына өте қуаныштымын. Мен өзім спортпен айналысамын, барынша көмек көрсетемім. Степногорск қаласы есірткіге қарсы, бұл жағымсыз нәрселерден құтыламыз деп сенемін.
РКС: Айта кету керек, есірткі қылмыстарын алдын алу мақсатында қала прокуратурасының қызметкерлері «Нашақорлыққа жол жоқ» және «Ақмола – есірткісіз аймақ» сияқты акцияларын есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға, оның жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.