ДИКТОР: Қалалық үлгілік кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана мен жастар» жобасы аясында «Көкшетау-жыр құшағында» атты мәнерлеп өлең оқу сайысы өтті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Байқаудың қазылар алқасының құрамында белгілі қаламгерлер, тіл мамандары болды. Сонымен қатар, өлең мүшәйрасын тамашалауға, өңірге аты танымал бірқатар тұлғалар шақырылды. Жиналғандар байқаудың маңызының жоғары және жастар үшін алатын орны ерекше екенін атап өтті.
СНХ:СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Кітапхананың бір жұмысының бір парасы, бір саласы ол патроиоттық тәрбие беру жастарға. Сосын жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау болып табылады. Бүгінгі шарада жергілікті ақындардың Көкшетауға арналған жырлары оқылады.Мұның өзі жергілікті ақындарды насихаттау, бұрын естілмей жүрген, көзге түспей жүрген өлеңдерімен таныстыру көреременді,оқырманды, жастардың үйренуін жатқа айтуы деген сияқты мәселе алда тұрады. Соны қазір қараймыз,саралаймыз.
РКС: Байқауға қаладағы колледждердің 27 студенті қатысып өз бақтарын сынады. Өлең мүшәйрасы әсем әнмен де көркем күймен де көмкеріліп, танымдылығы тартымды деңгейде өтті. Мәнерлеп өлең оқуға қатысқан үміткерлер қатарында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенті Жанболат Шрайденов болды.
СНХ: ЖАНБОЛАТ ШРАЙДЕНОВ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ : Мен бұл кеште бас жүлдені иелендім. Негізі бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Мен өзім де бір жағынан қуанып тұрмын. Бұл менің есімде қалатын дүние деп есептеймін. Және барша жасөспірімдерді осындай поэзиялық кештерге келуге шақырамын. Жалпы сол автордың жазған шығармасын бірніші түсініп және оны көркем түрде жеткізе білу қажет. Жалпы автордың айтқан ойын оқитын оқушы дұрыс түрде жеткізу керек деп ойлаймын.
РКС: Жыр додасына жергілікті ақындардың Көкше еліне деген сүйіспеншіліктерін төл өлеңдері арқылы жеткізген, Көкшетау еліне есімдері танымал ақындардың өлеңдері көптеп оқылды.
СНХ: БАҚЫТЖАН АЙДОСОВА, «САЛТАНАТ САРАЙЫ» ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҮЛГІЛІ КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: Жүлделі орындар өте көп болды. жастарымыздың жігерлі, рухани,бай рухты болғандары қажет ғой. Соған үлес қосамыз деген мақсатпен бұл шара өткізіліп жатыр. Жалпы тақырыпты дұрыс таңдадық деп ойлаймын. Өйткені Көкшетау қазақ тарихы мен мәдениеті,әні мен жырының үлкен құйқалы қыртысы болып саналады. Бүкіл қазақ үшін кие қонған қасиет орнаған қасиетті жер болып саналады Көкшетау.
РКС: Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенті Жанболат Шрайденов қанжығасына байлады. Жүлделі орын иегерлеріне дипломдармен қатар, арнайы сыйлықтар берілді. Белсенді қатысқан студенттер мен ұстаздар Алғыс хаттармен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ