ДИКТОР: Степногорск қаласының маңындағы Ақсу кентінің №1 орта мектебінің қабырғасында "Атамекен" тарихи-өлкетану музейі жұмыс істейді. Туған өлкенің шежіресін сақтауға мұражай басшы Минуара Өтеуова жауапты. Педагог-өлкетанушы өзінің еңбек өтілінің жарты ғасырынан астам уақытының 32 жылын білім беру ошағының директоры лауазымында өткізді. Лайықты демалыста бола отырып, мектеп қонақтарын ауылдың тарихымен таныстыруды жалғастыруда. Біздің тілшіміз Минура Мұхамедқалиевнамен әңгімелесіп қайту сәті түскен еді. РКС: Мұражай 1977 жылы ашылған. Содан кейін мектеп басшысы соғыс ардагерлері мен тың еңбеккерлері, еңбек ардагерлері туралы материал жинады. Бұл ұзақ уақытты қажет ететін қаржырлы еңбекпен келетіні сөзсіз. Бүгін мұражайда Ақсу кентінде жұмыс істеген барлық ұйымдар туралы да айтуға болады. Ғасырлық тарихта олардың саны 40-тан асады. Ақпарат жинау жұмыстары әлі де жалғасуда.
СНХ: МИНУАРА ӨТЕУОВА- АҚСУ КЕНТІНІҢ №1 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ "АТАМЕКЕН" ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ақсу орта мектебінде мен педагогикалық қызметімді 1971 жылы бастадым. 2015 жылы Жеңістің 70 жылдығына орай тарихи-өлкетану мұражайы ашылды. Мұнда үнемі соғыс ардагерлерімен кездесулер өтіп тұрады. Барлық ардагерлердің суреттері қабырға төріне ілінген. Қарттар күні және 9 мамыр мейрамдарында ұдайы қонақ ретінде шақырылып тұрады. Еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері. Біздің мұражай 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім-Ақсу тарихы 29-41 жылдар аралығында.
РКС: Минуар Өтеуова оқушылармен бар білгенімен бөліседі. Оқушылар ол туралы құрметпен және сүйіспеншілікпен айта алады. Олардың көпшілігі бүгінде көшбасшылық лауазымдарға ие. Оқушылар арасында Минуар Мұхамедқалиқызының Саят Мұқанов сынды оқушылары да бар. 6 жылдан бері Ақсу орта мектебінің директоры, 13 жыл мұғалім болып жұмыс істеген.
СНХ: САЯТ МҰҚАНОВ АҚСУ КЕНТІНІҢ №1 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Енді Минуара Мұхамедқалиқызы туралы айтатын болсық, бұл әрине мен үшін ең мықты үлгі болды. Өйткені бұл кісі 5-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейін біздің сыныпқа математика пәнінің мұғалімі болды. Маған ол кісінің сабақтары өті ұнады. Сол кісінен үлгі алып, мен өзіме сондай мақсат қойдым. Болашақта математика пәнінің мұғалімі боламын деген. Сол мақсатым жүзеге асты. Осындай үлкен тұлға біздің арамызда бар екеніне өте қуаныштымыз. Өйткені бізге беретін ақылы өте зор.
РКС: Ақсу кентінің 95 жылдығына орай Минуара Өтеуованың бастамасымен кітап шығару үшін ақпарат жиналуда. Оған адамдардың естеліктері енетін болады. Басылымды шығару жыл соңына жоспарланған. Ал 2025 жылы Ақсу орта мектебінің тарихы туралы жеке кітап шығарылмақ.
МҰРАТ НҰРСӘУЛЕ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.