ДИКТОР:Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2025 жылы мемлекеттік қолдауды уақытында алу үшін өткен жылдың берешектерін өтеуі тиіс. Облыстық әкімдікте өткен кеңесте алдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық талқыланды. Жиынға аудан басшылары, жауапты ведомстволар, сондай-ақ қаржы институттарының өкілдері қатысты.

РКС: Жиында сөз алған облыс әкімі Марат Ахметжанов агроөнеркәсіп кешені арқылы экономиканы дамыту үшін өңірде барлық мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау әлеуетін тиімді пайдалану арқылы келер жылы да жақсы өнім жинауға болады,- деді ол.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Енді Агро-2025-ке дайындықты бастау керек. Әрбір әкім өз елдімекенінде ауыл шаруашылығы кәсіпорнымен осы мәселені назарында ұстау керек. Несиенің мүмкіндіктерін қарау керек, қиындықсыз алғанымен еш кедергісіз өтей алатындай жағдай жасалу керек. Яғни, тиімділік болуы керек. Арзандатылған отын, ауылшаруашылығы техникасының лизингі, тыңайтқыштар, субсидиялар, мұның барлығы жақсы нәтиже, өзіндік құн төмендеу болуы керек. Яғни, еңбек өнімділігінің өсуі ауылдағы өмір сүру әл-ауқатының өсуіне мүмкіндік береді. Міне, біз осыған ұмтылуымыз керек.

РКС: Диқандардың жұмысы текке кетпеуі үшін көлік және оны сақтау мәселелерін терең ойластырып, бағаны төмендету және қайта өңдеудің болмауы мәселелерін шешу қажет. Талдаудың ыңғайлылығы үшін облыста дала карталарын толық цифрландыру жоспарлануда. Пилоттық жоба Зеренді және Астрахан аудандарында болады.

СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Облыста көктемгі егіс науқанының барысы топырақтың баяу жылынуы мен мамыр айының қалыптан тыс жауын-шашынына байланысты баяулады. Нәтижесінде, оңтайлы мерзімде бізде 3 млн. гектар алқапқа дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілді, бұл 64 процент. 20 маусымға дейін, ал кейбіреулері 1,7 миллион гектар жерге тым кеш екті. Бұл өнімділіктің төмендеуіне, осы егістіктердегі ауылшаруашылық өнімдерінің сапалық көрсеткіштерінің нашарлауына әкелді. Алдағы жылы ғылыми ұсыныстарды ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен ауыл шаруашылығы дақылдарын себу мерзімін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру қажет.

РКС: Сапалы тұқым – жоғары өнімділіктің кепілі. Тұқым қоры 1 наурызға дейін толтырылып, зертханаға талдауға берілуі керек.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 2025 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде отандық өндіруші зауыттардан минералды тыңайтқыштар сатып алуға өтінімдердің жинағын қалыптастыру керек. 1 сәуірге дейінгі мерзімде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы техникасын толық дайындауды аяқтау қажет. Қар ұстау бойынша уақытылы іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қаржы институттары алдындағы несиелік міндеттемелерін қайтару жөніндегі жұмыстарды жандандыру керек.

РКС: Жиын соңында облыс әкімі Марат Ахметжанов әкімдіктерге диқандар мен шаруалардың мемлекеттік қолдау бағдарлама талаптарына сәйкестігін қадағалауды тапсырды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ