ДИКТОР: Өңіріміз өзінің ауа-райы жағдайына байланысты қысқы спорт түрлерін дамыту үшін өте қолайлы. Биыл облыста қысқы спорт түрлерімен айналысатындардың саны 25 мыңға жуық адамды құрады.

РКС: Қысқы спорт түрлеріне биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, тау шаңғысы, шорт-трект және мәнерлеп сырғанау жатады. Қазір қысқы спорт түрлеріне жасөспірімдердің қызығушылығы артқан. Сондықтан үйірмелер саны көбеюде. Жалпы өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулу маңызды мақсаттардың бірі. Көкшетау қаласында «Бурабай» және 2 облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептеріндегі қысқы спорт түрлерінің үйірмелеріне жазылуға болады.

ИНФРАГРАФИКА:

Ақмола облысында қысқы спорт түрлерінің инфрақұрылымы:

Щучинск қаласында Республикалық шаңғы базасы ұзақтығы 4585 м шаңғы-биатлон трассасы, 7071 м биатлон трассасынан (шаңғыроллер) тұрады.

Шайбалы хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан спортшыларды даярлауға арналған Көкшетау қаласындағы спорт сарайында мұз алаңы бар;

Шаңғы базалары – 11 нысан, оның ішінде ауылда -4, спорт мектептерінде – 6 база; атыс алаңдарында – 3 нысан, оның ішінде ауылда – 1; хоккей корттары – 102 бірлік, оның ішінде ауылда – 68, хоккей корттарының жалпы санынан – 2 жабық ауылда, 66 ашық ауылда.

СНХ:АНУАР ХАСАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Спорт түрлері бойынша бізде спорттық резервті жалпы 29 мектептің ішінен 17 мектепте дайындық жүргізіледі. Содан басқа одан кейін спорттық резерв даярлау орталығы, жоғары спорттық шеберлік мектептері жүзеге асырады. Біздің өңірде шорт трек, шаңғы жарыстары, биатлон, доптық хоккей, конькимен жүгіру спорты дамытылады негізінен. Одан басқа бізде қысқы спорт түрлерімен айналасу үшін осы мектептерді жабдықтау ісі қолға алынған спорттық жабдықтармен. Биылғы жылы Қазақстан халқына Қоғамдық қоры көмегімен 9 спорт мектебіне жабдықтар сатып алынды.

РКС: Шаңғы спортын жанына серік қылғандар қатарында Ернұр Жанболат пен Ерасыл Жүрісбек те бар. Ерасыл Жүрісбекті 3 жыл бұрын әкесі алғаш 2-інші облыстық олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебіне әкелген. Ернұр Жанболат 2 жыл бойы спорттың қыр сырын меңгеріп жүр. Олар екеуі сыныптас. Жетістіктері де жоқ емес.

СНХ:ЕРНҰР ЖАНБОЛАТ, ШАҢҒЫ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ: Лыжиға келгенде қиын болды. Шаңғыға 2 жыл барып жүрмін. Соревнованияларға көп барып жүрмін көп. 10 медаль бар. Ол хоббиім менің. Маған шаңғы тебу ұнайды.

СНХ:ЕРАСЫЛ ЖҮРІСБЕК, ШАҢҒЫ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен мында келгенде маған көп қиындық болды. Өйткені мен құлағанмын. Ал қазір бәрі жақсы. Ертең Шучинскте жарыс болады Мені әке шақырған. Сосын біз тренерға бардық. Тренер Екатерина Юриевна болған.

РКС: «Шынықсаң-шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы екенін естен шығармаған жөн.

САБИНА ЖАМШИТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ