ДИКТОР: Облыстың арнайы прокурорларымен 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімінің және «Престиж Строй 7» мен «Фундаменталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Аталған қаражат 2021 жылы үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген. Күдіктілер әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру талан-таражға салу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Екі күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, ал үшінші серіктес үй қамауында.
СНХ: МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік Алматы, Астана қалаларында коммерциялық жылжымайтын мүлік арнайы техника, құрылыс құрылғылар, банктік шоттарда 50млн теңгеден астам ақшалай қаражат табылды. Тыйым салынған мүліктің бағаланған құны 335 млн теңгеден асты. Прокурорлармен мүліктің бір бөлігі жалға беріліп, қылмыстың пайда түсіргені анықталды. Сол себепті бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру, яғни Қылмыстық Кодекстің 2218 бабы 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін тәркілумен қоса 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қазіргі уақытта қылмыстық процесске қатысушылар мен қылмыстық –іс материалдарымен танысу жүріп жатыр. Соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.