ДИКТОР: Анастасия Процактың Көкшетау қаласы «Таңдау» мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде еңбек өтілі 14 жылдан асады. Осы уақыт ішінде оның оқушылары қалалық ғана емес, сонымен қатар облыстық, республикалық деңгейде де жақсы нәтижелерін көрсетіп жатыр.

РКС: Анастасия - «Таңдау» мектеп-гимназиясының үздік мұғалімдерінің бірі. Оның спорттық жетістіктері аз емес. Керлинг бойынша Дүниежүзілік Универсиада мен Азия ойындарының қатысушысы. 2023 жылы джамп-роуп бойынша Қазақстан чемпионы, 2024 жылы баскетбол бойынша Ақмола облысының чемпионы атанды.

СНХ: ЖАНАР РАҚЫМБЕКОВА «ТАҢДАУ» МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Биыл «2024 жылдың Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» байқауының республикалық кезеңі аяқталды. Біздің мектептен байқауға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Анастасия Петровна қатысты. Байқау қорытындысы бойынша ол 3-ші орынды иеленді. Сабақ беруден басқа ол дене шынықтыру әдістемелік бірлестігінің жетекшісі болып жұмыс істейді. Біз Анастасия Петровнаның қол жеткізген жетістіктерге өте қуаныштымыз. Оны әріптестері үлгі тұтады.

РКС: Қаланың белгілі спортшысы, мұғалімі Антон Грацтың арқасында Анастасия бала кезінен спортқа қызығып, 2010 жылы дене шынықтыру пәнін оқыту бөлімін аяқтап, сол жылы мұғалім ретінде жұмысқа орналасты.

СНХ: АНАСТАСИЯ ПРОЦАК, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: 8 жасынан бастап спортпен айналысамын. Негізінде жеңіл атлетикамен айналысып бастадым. Мектепте менің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Грац Антон Антонович болды. Ол мені баскетбол және волейбол секциясына шақырды. Оның арқасында мен дене шынықтыру бөліміне оқуға түстім. 2014 жылдан бастап керлинг бойынша Қазақстан құрамасында ойнадым, Дүниежүзілік Универсиадаға қатысып, Жапониядағы қысқы Азия ойындарына қатыстым. Мен бар тәжірибемді оқушыларыма беруге тырысамын. Мен баскетбол секциясын өткіземін. Оқушыларым бірнеше дүркін жүлдегерлері және қала чемпиондары, кейбіреулері облыс құрамына кіріп, Қазақстан чемпионы атанды. Биыл оқушым қала мен облыстық ойындарда жеңіске жетіп, джамп-роуптан Қазақстан чемпионы атанды.

РКС: Қараша айында Анастасия Республикалық «Ең үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» байқауына қатысып, 19 қатысушыдан жүлделі үшінші орынға ие болды. Осындай мұғалімдердің арқасында елімізде спорт қарқынды дамып, спортшыларымыздың жетістіктері арта түспек.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.