ДИКТОР: Ақсу ауылы Степногорск шаһарынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан. Қала әкімшілігінің құрамына кіреді. Келесі жылы №1 орта мектебіне 95 жыл толады. Білім ошағының өмірі және оның жетістіктері туралы тілшіміз баяндайды.
РКС: Ақсу ауылындағы №1 орта мектебінің оқушылары ұлттық ойындарға ерекше қызығушылық танытып отыр. Олар – тоғызқұмалақ, бес асық және асық ату. Сонымен қатар, спорт түрлері де дамып келеді. Волейбол, баскетбол және үстел теннисінен командалар облыстық және қалалық деңгейдегі жарыстарда үнемі жүлделі орындардан көрінеді. Оқушылар білім саласында да жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 32 жылдық тәжірибесі бар педагог-зерттеуші Бақытгүл Қазызова олардың жетістіктері туралы айтып берді.
СНХ: БАҚЫТГҮЛ ҚАЗЫЗОВА, ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ МҰҒАЛІМІ: Біздің мектеп шағын мектеп болғанымен, біздің оқушыларымыз барлық байқауларға, жарыстарға, сонымен қатар сайыстарға қатысады. Атап өтсек, қазақ тілі, әдебиеті пәні бойынша, мысалы, бізде пәндік олимпиада бар, жылда өткізілетін. Сонымен қатар «Жарқын болашақ», Канипа Битибаеваның олимпиадасы, Абай оқулары. Сонымен қатар ақын-жазушыларға оқуларға қатысып, Республика, қала және облыс деңгейлерінде жоғарғы жетістіктерге жетуде. Енді дәстүр бойынша математика пәнінен бізде жыл сайын «Алтын сақа», «Алтын түлек» сайыс өткізіледі. Бұл сайысқа да оқушыларымыз ат салысып, жоғарғы деңгейде өздерін көрсетіп жүр.
РКС: Түлектерге келетін болсақ, Ақсу орта мектебі жыл сайын «Алтын белгі» белгісімен және білім беру гранттарына ие болады. Өткен оқу жылында екі алтын медаль иегері ҰБТ-да математика және физика пәндерімен жоғары ұпай жинады. Екеуі де Алматы мен Астана қаласындағы қалаған жоғары оқу орындарына түсті.
СНХ: САЯТ МҰҚАНОВ, АҚСУ АУЫЛДЫҚ № 1 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазіргі уақытта бізде 1-ден 11-сыныпқа дейін 105 оқушы оқиды. 27 педагог, оның ішінде 6 жоғары санатты, яғни педагог-зерттеушілер. Бізде барлығында санат бар. 50–ден 50-ге дейін, яғни бізде жартысы тәжірибелі мұғалімдер және жартысы жас мамандар. Бұл өте жақсы, жастар аға буыннан үлгі алады. Бірақ біздің балаларымыз аз болса да, барлық салада жетістіктерімізге жетіп келеміз. Біздің мектеп 2020 жылы күрделі жөндеуден өтті. Толығымен едендер, терезелер, есіктер, барлығы, дерлік шатырға дейін жаңартылды.
РКС: Соңғы 3-4 жылда оқушылар саны кеміген. Дегенмен, мектеп олардың бойында қажетті дағдыларды қалыптастырып, бәсекеге қабілетті етіп оқытады. Робототехника сыныбы да жабдықталған. Бұл сабақ әр түрлі сыныптар үшін аптасына бір рет өтеді. Балалар қосымша сабақтарға қуана қатысады.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.