ДИКТОР: Ірі алтын өндіруші фабрика жұмысының арқасында Зеренді ауданы облыстың жалпы өнеркәсіптік өндірісіне 24,8% үлес қосты. Есептік кездесу аясында аудан тұрғындарымен жүздескен облыс әкімі Марат Ахметжанов алдағы дамудың дамытудың негізгі мәселелерін талқылап, жаңа жобалармен танысты.
РКС: Кездесу барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов автопарктің жаңа коммуналдық техникасымен танысты. Олардың ішінде жедел-жәрдем көлігі, шағын автобус, жүк көліктері, ассенизатор машинасы бар. Автопаркті жаңарту коммуналдық қызмет жұмысының тиімділігін арттыруға және халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бұдан соң жауапты мамандар Зеренді ауданының инфрақұрылымы туралы баяндады. Осыған дейін жауыр болған электр желілерінің жұмысы жақсарып, жарық тұрақты әрі үздіксіз беріле бастады.
ЛЮФТ:
- Сейчас у нас меньше аварий. Люди благодарят, мы ездим на осмотры, результат есть. Раньше села по неделе по две сидели без света. Сейчас же, в течение часа все приводится в норму.
- То есть три бригады работает, и благодаря этому, нам позволило улучшить именно качество электросетей.
РКС: Марат Ахметжанов өңір экономикасының дамуында Зеренді ауданының маңызды рөлін атап өтті. «Инвестициялық мәселеге ерекше назар аудару керек. Қаржы тарту жергілікті атқарушы органдар үшін басым міндет болуы тиіс, себебі бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, бюджет кірістерін ұлғайтуға, сондай-ақ әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге көмектеседі,-деді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Зеренді ауданына жақсы инвестияциялық жобаларды тарту маңызды. Ол үшін ең алдымен жергілікті инфрақұрылымды дамыту керек. «Қарағай» индустриялық-өнеркәсіптік аймағын құру туралы ұсынысты қолдаймыз. Сондай-ақ дәл осындай алаң Аршалы ауданында бірқатар жобаларды жүзеге асыру үшін іске қосылады.
РКС: Биыл Зеренді ауданында әр гектардан 21 центнер өнім алынып, 470 мың тонна астық жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Облыс әкімі осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру үшін бірқатар тапсырмалар берді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Ең алдымен әкімдік басқарманы трансформациялау қажет. Мемлекеттік қолдау институтында бар жобаларды жүзеге асыру керек, ол үшін бірінші кезекте ауылдық округ әкімдерін, аудан әкімі аппаратының біліктілігін арттыру керек.
РКС: Бұдан соң көпбалалы отбасыларға салтанатты түрде жаңа баспананың кілттері табысталды. Жергілікті әкімдік тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында мұқтаж отбасылар үшін 84 шаршы метрлік жеті пәтер сатып алған. Шара «тұрғын үй құрылысын дамыту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Іс-сапар соңында облыс әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жергілікті тұрғындар құқықтық, тұрғын үй, жер мәселесіне қатысты көкейінде жүрген бірқатар сауалдарын қойды. Марат Ахметжанов өз кезегінде жауапты органдарға барлық кемшіліктерді ерекше бақылауға алып, азаматтарға қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ