ДИКТОР: Облыстың 29 колледжінің 13-і аграрлық салаға кадрлар даярлайды. Олардың қатарында Ақкөл агротехникалық колледжі де бар.

РКС: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға биыл 50 миллион теңге бөлінді. Владимир Струковтың өндірістік оқыту шебері ретіндегі еңбек өтілі 15 жылдан асады. Металл өңдеу сабақтарын слесарлық шеберханада өткізеді.

СНХ: ВЛАДИМИР СТРУКОВ, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Металлмен жұмыс істеуге, слесарлық өңдеуге қатысты жұмыстардың бәрін істейміз. Бізде дайын өнімдердің қоры бар. Студенттерге өндіріске қажетті әліппенің негіздерін үйретеміз. Екінші курсты бітіріп, жөндеуші-слесарь мамандары болады. Сонымен, тракторшы, машинист, жүргізуші-кәсіпқой, комбайнер болады. Техникамен, жермен байланысты жұмыс істеуге оқытамыз.

РКС: Колледжде мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 250 студентоқиды. Басқа қаладан келген студенттер жатақханамен толық қамтылады. Түлектердің өткір бәсекелестік жағдайында сұранысқа ие болуы үшін барлық жағдай жасалған. 17 жастағы Кирилл Бирюков 2-ші курс студенті. Оның айтуынша, дағдыларды дамытатын практикалық, зертханалық сабақтары ең тиімді.

СНХ:КИРИЛЛ БИРЮКОВ, СТУДЕНТ: Тамақ өндірісін үйрену, аспаз мамандығы бойынша оқып жатырмын. 2 жыл бұрын 9-шы сыныптан кейін осында оқуға түстім. Бірінші курста жалпы білім беретін пәндер болды – химия, математика. Екінші курста түрлі тағамдарды дайындауды үйреніп жатырмыз. Қазір де тәжірибе жүріп жатыр. Жоспар бойынша аптасына екі күн жаттығамыз. Бір апта даяшы болуға, бір апта хаускипинг, бір апта аспаз болуға үйреніп жүрміз. Қонақ үй бизнесін түсінуге бағытталған оқыту жоспары бар.

РКС: Өндірістік оқыту шебері Ефим Стеблин Ақкөл агротехникалық колледжінде 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Оған дейін зауытта 5 жыл бойы жұмыс істеді. Студенттер «WorldSkills», оның ішінде дәнекерлеу технологиялары және дәнекерлеу ісі бойынша байқауларға үнемі қатысады. Электр дәнекерлеу шеберханасында жұмыс қызу үстінде.

СНХ: ЕФИМ СТЕБЛИН, ДӘНЕКЕРЛЕУ ІСІНІҢ ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ: Біреуі дайындықпен айналысып, екіншісі іріктеу конкурсына дайындалуда. Колледжішілік байқау өтіп жатыр, 6 адам қатысып, студенттер өз жұмыстарын көрсетуде. Жақсы нәтиже көрсеткендер облыстық байқауға дайындалуды жалғастырады. Сонымен қатар студенттер өндірістік тәжірибеге жіберіледі. Біз қаланың көптеген кәсіпорындарымен жұмыс істейміз. Студенттеріміз сол жерде тәжірибеден өтеді.

РКС: Биыл 115 студент колледжді бітірді. Олардың 88-і жұмысқа орналастырылды, қалғандары оқуын жалғастырып жатыр, кейбіреулері Отан алдындағы әскери борышын өтуде. Айта кетейік, білім беру ошағы 1964 жылы ашылған. Жуырда 60 жылдығын атап өтпек.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.