ДИКТОР: Арқаға қыс келісімен, өзен-көлдер қатар қатпастан оның үстінде балық аулаушылардың қатары күрт өседі. Қауіпті маусымның бірі - осы кезең. Өйткені, кей балықшылар қауіпсіздік ережелерін сақтай бермейді. Ал, оның арты қайғылы жағдайларға әкеліп соғуда. Оның алдын алу мақсатында еліміз бойынша "Мұз-2024" акциясы басталды. Көкшетаудағы Қопа көліне балық аулауға шыққандар қауіпсіздік шараларына қатысты бекітілген талаптарды қаншалықты орындауда? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Рафаиль Өтебаев - әуесқой балықшы. Ол қыс, жаз мезгілдерінде балық аулайды. Қауіпсіздік шаралары ол үшін жалаң сөз емес. Басынан өткен өмірлік тәжірибеден біледі. Сонымен қатар, облыстық төтенше жағдайлар қызметкерлерінің ескертулерін де жиі естиді. Ол қыс мезгілінде кей балықшылардың мұз айдынына жалғыз шығуы үлкен қателік екенін айтты.

СНХ: РАФАИЛЬ ӨТЕБАЕВ, БАЛЫҚШЫ: Мен 7 жасымнан бастап балық аулапмкелемін. Қазір онсыз өмірімді елестете алмаймын. Мұз айдынына шығып, балық ауласам өзімді керемет сезінемін. Кезінде біз мұз 7 сантиметрге дейін қатқан кезле балық аулауға шығатынбыз. 7 сантиметрден төмен болса, шықпаймыз. Себебі, қауіпті. Ал, жазда міндетті түрде құтқару кеудешесін кию қажет. Қыста мұз 5 сантиметрге ғана қатса, шықпау керек. Мен бұл туралы өмірлік тәжірибеден білемін. Көз алдымда талай суға батқан, құтқарылған балықшыларды көрдім. Сондықтан, мұз 7 сантиметрге дейін қатқан жағдайда ғанашығу керек. Бірақ, қазіргі талаптарға сәйкес мұз 25 сантиметпге дейін қатқанда ғана балық аулауға шығуға болады.

РКС: Құтқарушылардың жұмысы жылдың қай мезгілінде де қауіпті. Олар ауа райының қолайсыздығы мен төтенше жағдайлар туралы ескертулерді SMS хабарлама арқылы ұялы телефондарға жібереді. Қыс кезінде мұз үстіндегі сақтық шараларын ескерту мақсатында күн сайын рейдтер жүргізеді.

СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Негізінде ықтимал қалындық мұздың ол 10 сантиметр бір адам үшін. Бірақ, балық аулаушылар көптеген ережені білмейді. Мысалы айтсақ, мұздың қалындығы 25 см-ден кем болған кезде балық аулаушыларда сақтау кеудешесі, таяқ содан кейін 2 метрлік арқан болу керек. Сондықтанда, осындай сақтау қағидалары орындалмаған кезде балық аулаушыларға айыппұл салынады. Жалпы, 1-ші қыркүйектен бастап 15 адамға айыппұл салынды. Ол 7 МРП-ны құрайды.

РКС: Балықшылар әсіресе қыс мезгілінде қарапайым сақтық ережелерінсақтаулары тиіс. Балық аулауға шықпас бұрын ұялы телефонның толық қуатталғанына мән беру маңызды. Қатты аяз кезінде мұрын мен бетті уқалап отыру керек немесе көлікке барып жылынып алған жөн. Белгілі бір мерзімде денені қозғалтып, аяқты біресе созып, біресе жиырып, қимылды өзгертіп отырған абзал.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҚАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ