ДИКТОР: Степногорск қаласында әлеуметтік салада 70-тен астам адам жұмыс істейді. Олардың еңбегі көмекке және кешенді қызмет көрсетуге мұқтаж адамдарды жан-жақты қолдауға бағытталған. Жыл сайын азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің көлемі артып келеді. Биыл 240 млн. теңгеден астам, оның ішінде жергілікті бюджеттен 160 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.

РКС: Жыл басынан бері қалада 200 млн. теңге сомасына 5 мыңға жуық адам әлеуметтік көмек алды. Бөлімде жалғыз басты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша 3 бөлімше жұмыс істейді.

СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДҒАЛИЕВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жылдан жылға біз әлеуметтік көмек көрсете алатын азаматтардың жекелеген санаттарын көбірек қамтып келеміз. Бұл-әлеуметтік маңызы бар дерттер. Ал биыл біз жоба енгізіп жатырмыз, қазір әзірленуде және әрі қарай бекітілетін болады. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін бұл әлеуметтік маңызы бар аурулар – миокард инфарктісін алған адамдар үшін. Оларға денсаулық сақтау мекемелерінде есепке алынған күннен бастап 6 айға дейін біржолғы көмек көрсетілетін болады. Яғни, біз деректерді Денсаулық сақтау мекемелерінен аламыз және оларды есепке алу негізінде біз осындай санаттарға көмектің осы түрін көрсететін боламыз.

РКС: Қазір бөлімшелердің 35 әлеуметтік қызметкері 182 қарт адам мен 66 мүмкіндігі шектеулі балаға қызмет көрсетеді. Баласы үйде арнайы әлеуметтік қызмет алатын ата–аналардың бірі - Гуля Сабырова. Ұлымен алты айдан астам уақыт бойы әлеуметтік қызметкер мен логопед айналысады. Нәтиже жаман емес, - дейді ол.

СНХ: ГУЛЯ САБЫРОВА-КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ АЛУШЫНЫҢ АНАСЫ: Оған мұнда ұнайды. Әлеуметтік қызметкер бізде Мақпал. Ол онымен кездескен кезде құшақтайды, бірден жақсы көріп қалды. Біз мұнда келгенде ол ойын ойнап, сабақ оқиды. Иә, динамика бар. Әлеуметтік қызметкердің өзі тынышталғанын айтты.

РКС: «Отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығы» қызметін екінші жыл жүзеге асыруда. Онда өмірлік қиын жағдайға тап болған әрбір отбасына психологиялық, әлеуметтік, тұрғын үй және заң көмегі көрсетіледі. Айта кетейік, орталықта балаларды жан-жақты дамыту үшін барлық қажетті жабдықтар мен техникалық құралдар бар.

СНХ: САЛТАНАТ ЖЕТПІСБАЕВА-СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Орталық әртүрлі кеңес беру қызметтерін орындайды. Барлық іс-шаралар отбасы институтын нығайтуға бағытталған. Ағымдағы кезеңде біз 1070 қызмет көрсеттік, оның 823-і халықтың қаржылық сауаттылығын жақсарту бойынша «Қарызсыз қоғам» бағдарламасын іске асыру аясында.

РКС: Үкіметтік емес ұйымдар көптеген жылдар бойы Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызметі шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтердің барлық түрін көрсетіп келеді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін: тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін дағдарыс орталықтары табысты жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға және егде жастағы адамдарға жартылай стационарлық қызметтер көрсетіледі. Жалпы, өңірде халықтың әлеуметтік осал топтарының әл-ауқаты үшін, сондай-ақ оларға қосымша көмек көрсету үшін жағдайлар жасалуда.

САБИНА ЖАМШИТОВА, КАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.