ДИКТОР: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің форвардтық сатып алу және тауарлық несие бағдарламалары шеңберінде кредиттік міндеттемелерді орындау өзекті мәселе. Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңес отырысында қатысушылар қаржы институттары алдындағы берешекті өтеу бойынша бірқатар мәселелерді талқылады. Агроөндірушілер үшін міндеттемені орындау мерзімі желтоқсанның 1-і аяқталады.

РКС: Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 9,1 млрд. теңге көлемінде 73 ауыл шаруашылығы тауар өндіруші қаржыландырылды. 13 аграрлық өнеркәсіптік кешенге тауарлық несиеге бағытталған 3,7 млрд.теңге берілді. «Азық-түлік корпорациясы» Акционерлік Қоғамы 4 бағдарлама бойынша қайтаруды жүзеге асырады. Олар 2023-2024 жылдарға арналған форвардтық сатып алу, былтыр алынған тауарлық несие және азық-түлік астығын тауарлық кредит беру арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тұқым ретінде сату. Бүгінде «Азық-түлік корпорациясы» Акционерлік Қоғамына барлық бағдарламалар бойынша 11,8 млрд.теңге қайтарылды.

СНХ: ҚАНАТ ӘЛІМОВ, «АЗЫҚ-ТҮЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер міндеттемелерді уақтылы орындамаған жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1%-ін құрайтын өсімпұл төлейді. Бірақ 30 күннен аспау керек. Сондай-ақ уақтылы жеткізілмеген тауар үшін - тауар құнының 20%-нен аспайтын өсімпұл төлейді.

РКС: Астық уақтылы жеткізілмеген жағдайда «Азық-түлік корпорациясы» Акционерлік Қоғамы келісімшарт талаптарына сәйкес, өсімпұл мен айыппұл санкцияларын қолданады.

СНХ: МАРАТ САУТОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Жақында тікелей сатып алу бағдарламасы іске қосылады. Бұл өз кезегінде институттар алдындағы міндеттемелердің толық орындалуын қамтамасыз етеді. Бүгінде әзірге шағын шаруашылықтарды тікелей сатып алу бойынша қолдау туралы шешім қабылданды. 500 гектарға дейінгі шаруа қожалықтары 300 тонна, 1000 гектарға дейінгі шаруа қожалықтары 500 тоннаға дейін астық қабылдайтын болады.

РКС: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында облыс әкімдігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріне ұсынылған бағдарламалар бойынша төлемдерді 2025 жылғы наурызға ауыстыру мүмкіндігін қарастыру жөнінде хат жолдады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ