ДИКТОР: Бурабай ауданының әкімдігіне туристік жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту қажет. Сондай-ақ, туристік нысандардың көлеңкелі қызметпен айналысуға жол бермеу және олар берген есепте нақты жұмыс көрініс табуына қатысты ауқымды жұмыстар жүргізу тапсырылды. Бұл туралы облыс әкімі Марат Ахметжанов аудан тұрғындарымен кездескен сәтте айтты. Сондай-ақ, жиында туризм, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және басқа да салалар бойынша есеп берілді. Жауапты сала мамандарына бірқатар тапсырма жүктеді.
РКС: Облыстың өнеркәсіп өндірісіндегі жалпы көлемінде ауданның үлесі 13 процентке. Бурабай аумағында металлургиялық 2 ірі кәсіпорын бар. Бұл ретте алтын өндіру мен қайта өңдеу төрттен үш бөлігін алып отыр. Сондықтан аудандағы өнеркәсіп өндірісін әртараптандыру шаралары қолға алынғаны жайлы айтылды. Ауыл шаруашылығы саласы да назардан тыс қалмады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Аудан бойынша 200 мың тоннадан астам астық жиналды. Орташа өнімділігі гектарынан 17 центнерден айналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Дегенмен, бұл жерде жақсы өнімділікке, жақсы нәтижеге мән беру қажет. Бірақ, статистикаға сүйенсек жақсы өнім бола тұра ауылшарушылығы саласы мамандарының жалақысы өспейді.
РКС: Соңғы үш жылда ауданда 180 пәтерлі 4 үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал тобынан 84 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Дегенмен, ауданда жер телімі мәселесі өзекті. Өңір басшысы бұл мәселені заңнама аясында шешуді қатаң тапсырды. Туризм саласы да сөз болды. Бурабай курортты аймағына жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған турист келеді. Сондықтан, сапаға ерекше көңіл бөлу керектігі айтылды.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз түскен қаржыны инфрақұрылымға қайта құюымыз керек. Мысалғы, гигиеналық орындар мен қоқыс жәшіктерін орнатуға және демалушыларға арналған электромобильдерге. Осыған ұмтылуымыз керек. Қазақстанның інжу-маржаны саналатын өңірді көздің қарашығындай сақтап, одан сайын көркейтуіміз қажет. Өзге де демалыс орындарына ерекше көңіл бөлуге тиіспіз.
РКС: Жиын соңында аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан бірқатар азаматты марапаттады. Кездесуден соң Марат Ахметжанов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ