ДИКТОР: 200-ден астам студент электромобильдердің ақауларын диагностикалау симуляторында оқудан өтті. 2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Сұранысқа ие мамандарды облыс орталығының жоғары техникалық колледжі дайындайды. Бірегей жаттығу базасы негізінде болашақ механиктер электро және гибридті автомобильдерді диагностикалау мен оларға қызмет көрсетуді үйренеді.
РКС: Қазақстандағы алғашқы электр және гибридті көлік құралдарын диагностикалау және техникалық қызмет көрсету бойынша мамандар даярлау орталығы Көкшетау Жоғары Техникалық колледжі мен Оңтүстік Кореяның Теджон қаласындағы «Woosong» білім беру қорының халықаралық ынтымақтастығының нәтижесінде ашылды. Атап айтқанда, осы мақсатында «Hyundai IONIQ 5» электромобилі мен диагностикалық жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ, білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл 80-нен астам дайын маман «техник-механик» біліктілігі бойынша оқу аяқтады.
СНХ: НИКОЛАЙ ПОЛЯКОВ, АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ: Біз электромобильдер саласындағы мамандарды дайындаймыз. Елімізде электромобиль саны көбейіп кеткендіктен, бұл мамандық сұранысқа ие және осы мамандарды тренинг-орталығымыздың базасында дайындап жатырмыз. Осы курсты аяқтағаннан кейін студенттер барлық заманауи электромобильдерге диагностика мен қызмет көрсете алады.
РКС: Студенттер теорияны тәжірибе арқылы бекітеді. Тапсырма ретінде мұғалім бағдарламалық жасақтамаға электр жабдықтары ақауларының 20 нұсқасының бірін енгізеді. Толық жарамды электромобильді диагностикалау планшет арқылы жүзеге асырылады. Арнайы оқу қабырғасында электромобильдің дизайнымен бөлшектелінген түрде танысуға болады.
СНХ: НАУРЫЗБАЙ САНСЫЗБАЙ, КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бұл бізде электромобильдің құрылысы мен жұмысын аңықтауға және зерттеуге арналған оқулық стенд. Бұл стендте біз оның ішкі құрылысы және сыртқы аспаптарын көре аламыз. Бұл стендте басқару жүйесі және де сыртындағы приборкалар көрінеді. Ол бізде компьютерге жаңғалған. Және компьютер арқылы оны зерттеп, оның жұмысын қарауға болады. Қосылу үш жүйесі болады. Оның біріншісі – жұмыс, және зарядтау, сонымен қатар, сөндіру.
РКС: Айта кету керек, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі заманауи жоғары технологиялық жабдықтарын алып, үнемі жаңартып отырады. Бұл индустриялық салаларда сұранысқа ие мамандарды даярлау кезіндегі қажеттілік. 10 құзыреттілік орталығы табысты жұмыс істейді. Олар: дәнекерлеу және құрылыс технологиялары, технологиялық жабдықтар, жиһаз және тігін өндірісі, шанақты жөндеу және басқалар.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.