ДИКТОР: Алғаш рет Көкшетау қаласында халықаралық сарапшылардың қатысуымен екі күнге жалғасқан мұғалімдер саммиті өтті. Аталған іс-шараға өңірдің түрлі саладағы педагогтері қатысты.
РКС: Ұстаздар саммитіне өңіріміздің түкпір-түкпірінен 500 ден астам ұстаз жиналды. Әлемдік білім апталығы аясында мұғалімдерге әлеуметтік-эмоционалдық оқыту, инклюзивті білім беру, білім берудегі жасанды интеллект, психология және нейропедагогика саласындағы әлемнің және Қазақстанның үздік мұғалімдерінің тренинг-бағдарламасы ұсынылды.
СНХ: АЛМАГҮЛ ҚАНАҒАТОВА, ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
Альфа даблю ұрпақтарын оқыту үшін мықты мұғалімдер қажет. Сонымен қатар, білім жасанды интеллектпен бәсекеге түскен уақытта мұғалімдердің де білімі мен тәжірибесі күшті болуы қажет екенін түсініп отырмыз. Ол тек білім ғана беріп қоймайды, сонымен қатар,өзінің сүйіспеншілігін, өзінің жанашырлығын жеткізе алады. Сондықтан қазіргі сәтте 500-ден астам мұғалім қатысып отыр. Қанша мықты мұғалім маман болса да,олар осының бәрі жеткіліксіз екенін анық түсініп отыр. Бүгін әртүрлі түсініктер, көшбасшылық, инновация тақырыбы, шығармашылық стиль тақырыбы бойынша үлкен рефлексия көрсетілетін болады. Жиналған ұстаздар қауымымен әлемнің ең жақсы мұғалімдері тілдеседі, жаңа әдіс пен технология бойынша пікір алмасады. Сондықтан бұл өте керемет.Сондықтан біз осында келгенімізге өте қуаныштымыз.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Іс-шара барысында білім саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздар марапатталды. Солардың ішінде Көкшетау қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Раиса Жанғалиева да бар.
СНХ: РАИСА ЖАҢҒАЛИЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: Жалпы бұл әлемдік білім апталығының аясында өтіп жатыр. Бұл бастамасы деп айтуға болады осы Көкшетауда.Одан кейін бұның жалғасы Астана қаласында өтейін деп жатыр. Бұл іс-шараның мақсаты-біздің педагогтарымызға келесі деңгейге өту, яғни әлемдік деңгейге өтуге мүмкіндік алу.Әлемдік, жаһандағы болып жатқан жаңалықтарды осы жерде біліп, танып, өздерінің де орнын таба білуге алғашқы қадамы деп білуге болады. Сондықтан бұл іс-шараның Көкшетау қаласында өтіп жатқанына біз қуаныштымыз және педагогтарымызда бұған қатысуға үлкен ниет білдірді, қолдау көрсетті.00:53
РКС: Әрбір қатысушы халықаралық мамандардың қолдары қойылған сертификат алады. Бұл өткен оқуды растау ғана емес, сонымен қатар кәсіби портфолио үшін құнды құжат. Екі күнге жалғасқан бұл іс-шара мұғалімдердің әдістемелік қоржынына айтарлықтай мол тәжірибе қосады, - дейді мамандар.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ