ДИКТОР: Халықтың әлеуметтік осал топтарының 168 өкілі бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттар алды. Грант алушылар арасында жалғыз басты және көпбалалы аналар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және қандастар бар.

РКС: Ұлбосын Жақсылықова - көпбалалы ана және кәсіби дизайнер. «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқып, бизнес-жоспарды дайындап, сәтті қорғады. Берілген қаражатқа Ұлбосын заманауи тігін жабдықтарын сатып алып, Көкшетау қаласында орналасқан сауда үйінде шағын шеберхана ашты.

СНХ: ҰЛБОСЫН ЖАҚСЫЛЫҚОВА, ГРАНТ ИЕГЕРІ: Көп балалы анамын. Бизнес Бастау арқылы мен 1 476 000 теңге ұтып алдым. Алдын-ала біз өзіміз дайындалдық. Конкурс болды, конкурстан онлайн тапсырып, сертификат алдық. Қаражат бөлінгеннен кейін керекті құрал-жабдықтарды сатып алдым. Материалдарды сатып алдым. Бірінші кезде үйде тіктім, сосын бутикті жалға алдым.

РКС: Әсемгүл Исасейітова - 20 жылдан астам еңбек өтілі бар шет тілі оқытушысы. Тамыз айында ол оқудан өтіп, өтініш беріп, грант жеңіп алды. Бөлінген қаражатқа кабинет жабдықтап, Красный Яр ауылында ағылшын тілі курстарын ашты. Бүгінгі таңда онда 50-ден астам оқушы оқиды.

СНХ: ӘСЕМГҮЛ ИСАСЕЙІТОВА-ГРАНТ ИЕГЕРІ: Осы аймақтың ата-аналарының көптеген өтініштері бойынша мен ағылшын тілі курстарын аштым. Көп балалы ана ретінде мен, әрине, балалардың білім сапасына алаңдаймын. Менің ендігі мақсатым - балалардың ағылшын тілін толығымен тегін білуі үшін әлеуметтік осал халыққа тегін білім беру.

РЗК: Айта кетейік, биыл жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға 168 грант берілді. Уәкілетті органның айтуынша, жоспар 100,6% орындалған. Гранттар екі легпен берілді, көктемде 84 грант және жазда 84 грант берілді. Биыл үміткерлер business.enbek.kz порталының екі легіне барлығы 567 өтініш берді.

САБИНА ЖАМШИТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.