ДИКТОР: Жақында ғана 85 жасқа келген Мейрамбек Қиықов - қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық спорт ойындарын бойына сіңірген қария. Ол өзінің саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнағанымен қоғамдық жұмыстардан қол үзген емес.

РКС: Көкшетауда асық атудан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Осынау байрақты бәсеке кезінде Көкшетауда асық атудан алғаш рет команда құрып, жарыс өткізген жерлесіміз Мейрамбек Қиықов арнайы төсбелгімен марапатталды.

СНХ: ЖОМАРТ САБЫРЖАНОВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АСЫҚ АТУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: Көкшетауда алғаш рет асық атудың жобасын жасап, жарысын өткізген Мейрамбек Қиықов ағамызға алғысымыз шексіз. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар алдында осы абзал жанды марапаттайтын боламыз.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МЕЙРАМБЕК ҚИЫҚОВ, ҰЛТТЫҚ СПОРТ АРДАГЕРІ: Осыдан бірнеше жыл бұрын облыстық білім басқармасына хат жаздым. Ондағы мақсатым Көкшетау қаласында 20 мектепте асық ату ойынан жаттығу өткізуге рұқсат алу еді. Бұл ойым жүзеге асты. Сөйтіп, 20 мектепте асық ату ойынынан жаттығу өткізіп, жарыс ұйымдастырдық.

РКС: Ұлттық спорт түрін ұлықтауға үлкен үлес қосып жүрген қазыналы қария Мейрамбек Қиықовтың игі ісі өзінің жалғасын табуда. Бүгінгі таңда Ақмола облысының асық атушыларының спорттық жетістіктері көңілге қуаныш ұялатады. Бұл үрдіс Мейрамбек Қиықовтың мерейін өсірді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕТЖАНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.