ДИКТОР: Көкшетаудағы №6 мектеп-лицейіндегі дәретханаларға бейнебақылау камерасы орнатылған. Мұны білген ата-аналар әлеуметтік желілер арқылы шу шығарып, ешкім рұқсат сұрамағандарын алға тартады.

РКС: Камералар тек ұл балаларға арналған дәретханаға қойылған. Себебі, әжетханада төбелес, мүлікті қирату сынды деректер апта сайын тіркеледі. Осы тәртіп бұзушылықтың алдын алу үшін бейнебақылау камераларын орнатуға мәжбүр болдық, - деп отыр мектеп директоры. Қазіргі уақытта ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

СНХ: ГҮЛНӘР ӘБДІҚАСЫМОВА, №6 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл камераларды орнатуға мәжбүр болдық. Осы бір айдың ішінде біз ювеналды полиция қызметкерлері мен балалардың заңды өкілдерін мектепке жиі шақырдық. Бірнеше оқушыны мектепішілік тіркеуге қойдық. Себебі, жеткіншектер арасында төбелес және пышақпен қорқыту фактілері болды. Мұны ескерген ата-аналар мектеп әкімшілігіне балалардың қауіпсіздігі үшін қандай шаралар қабылданып жатыр, неге камералар орнатпайсыздар, неге күзетшілер жоқ деп шағым түсіре бастады. Бірақ, кезекшілік дәретханадан тыс өтеді. Біз әрбір еден жуушыны немесе мұғалімді дәретхананың ішін күзетуге қойып қоя алмаймыз. Сондықтан, бейнебақылау камерасын орнату туралы шешім қабылдандық.

РКС: Дәретхананың бұрышында бейнекамераның орнатылғаны анық көрініп тұр. Бірақ кабинкалардың есігі жабылса, іші көрінбейді. Түсіндірме жұмыстардан кейін ата-аналар бұл бастаманы қолдап отыр.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ