ДИКТОР: Степногорск қаласында «Балауса» бала-бақшасы өңірдегі инклюзивті білім беруді енгізудің тірек жобасы. Балалардың дамуы үшін барлық жағдай жасалған. Бүлдіршіндердің ата-аналары мектепке дейінгі ұйымның өміріне белсене қатысады. 6 жыл бойы «отбасылық клуб» жұмыс істейді, осында ата-аналар әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау ала алады.
РКС: Бүгінде «Балауса» бөбекжайында 241 бүлдіршін бар. Оның 41-і ерекше білім беруді қажет етеді. Әкімшілік үшін балалардың жайлылығы мен денсаулығы маңызды. Балалардың уақытты қызықты өткізу үшін түрлі шаралар ұйымдастырылады. Олар сенсорлық бөлмелерде оқып, гимнастикаға қатысады және бассейнде жүзеді.
СНХ: ГАЛИНА НИКОЛАЕВА, «БАЛАУСА» БАЛА-БАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ: Бүгінде 30 педагог жұмыс істейді. Олардың ішінде арнайы мұғалімдері де бар, логопед және дефектолог. Сонымен қатар педагог-психолог және әлеуметтік педагог бар. Біліктілікті арттыру курстарынан басқа, балабақшаның барлық педагогтары үш жылда бір рет инклюзивті білім беру мәселелері бойынша курстардан өтеді. Бұл оқушылармен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнатуға, инклюзивті білімге кәсіби тұрғыдан қарауға көмектеседі.
РКС: Былтыр 30 педагогтың 28-і инклюзивті білім беру мәселелері бойынша курстан өтті. Әлеуметтік тәрбиеші - бөбекжайдың ерекшеліктерінің бірі. Мүгедектік рәсімделген баланың ата-аналарына құқықтық сауаттылық бойынша, басқа да қолдаулар көрсетіледі. Сонымен қатар, балалар арнайы мамандардың жеке сабақтарына да қатысады.
СНХ: ЕКАТЕРИНА КОЖЕМЯКИНА, «БАЛАУСА» БАЛА-БАҚШАСЫНЫҢ ДЕФЕКТОЛОГ-МҰҒАЛІМІ: Сөйлеу дамуының кешігуі бар балалар келеді. Біз баланың танымдық процестерін тексереміз, сөйтіп даму бұзылуын анықтаймыз. Сабақтар негізінен жеке немесе шағын топтарда өткізіледі. Яғни, бұл даму бұзылуына мен баланың жасына байланысты. Түзету және дамыту жұмысы танымдық процестерді дамытуға негізделген, бұл есте сақтау, зейін, ойлау, логика. Балалар ойлауды, білімді іс жүзінде қолдануды үйренеді. Бұл құрдастарымен қарым-қатынас жасауға немесе оқу дағдыларын игеруге көмектеседі.
РКС: Сондай-ақ, бөбекжай ғимаратында физиокабинет бар. Дәрігердің нұсқауы бойынша тәрбиеленушілер профилактикалық процедураларын, ингаляциялар мен массаж ала алады. Сарапшылар бұл тек ерекше білім беруді қажет ететін балаларға ғана емес, бөбекжайдың барлық балаларына да пайдалы екенін атап өтті.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.