ДИКТОР: Степногорск қаласында ауыр атлетика мектебі көпке мәлім. Бір кездері есімдері елге танымал споршылардың жолын бүгінде шаһар жастары жалғастырып келеді. Қалалық балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінде 65-тен астам жеткіншек ауыр атлетика спортымен айналысуда.

РКС: Секцияға балалар жеті жастан қабылданады. Ауыр атлеттер арасында Богдан Горбань да бар. Жас жігіттің ауыр атлетикамен айналысқанына 5 жылға жақындады. Жұлқа көтеру жаттығуында ол 34 келі салмақтағы штанганы көтереді. Ал, серпе көтеруден 42 келілік снарядпен орындайды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БОГДАН ГОРБАНЬ, АУЫР АТЛЕТШІ: Мен 7 жасымда бұл спортқа келдім. Қазір 11-демін. Ауыр атлетті және гир көтеруді ұнатамын. Бұл спорт түріне қызығушылығым YouTube желісінен басталды. ОСылайша, өзім осы спортты таңдадым. Келер жылы 2010-2011 жылдар арасында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетпекпін. Мен жарысқа жәй ғана қатыспай, жақсы нәтиже көрсетуге барымды саламын.

РКС: Жеткіншектерді Вячеслав Билик жаттықтырады. Ол 2019 жылы жоғары оқу орнын тәмамдап, еңбек жолын осы спорт мектебінен бастауды ұйғарды.

СНХ: ВЯЧЕСЛАВ БИЛИК, БАПКЕР: Спорт мектебінің іші толығымен арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бізде бәрі бар. Төсеніштер, акробатика, штангалар арнайы балаларға сатып алдық. Жаттығу аптасына 5 рет өтеді. Жексенбі бізде бассейн.

РКС: Балалардың арасында 6 спорт шеберлігіне үміткер бар. Қазіргі уақытта жас спортшылар желтоқсан айында өтетін Қазақ Кеңес социалистік Республикасаның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Пакты еске алуға арналған республикалық турнирге дайындалуда. Бұл сайыста балалар тиісті нормативті орындаса, Қазақстан Республикасының спорт шебері спорттық дәрежесін алады.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ