ДИКТОР: Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына және халық ақыны, әнші композитор Балуан Шолақтың 160 жылдығына арналған республикалық деңгейдегі дәстүрлі әншілер арасында «Арқа әуендері» ән байқауы өтті. Дәстүрлі халық әнінің майын тамызып әуелете шырқап , әннен шашу шашты.
РКС: Әншілік дәстүрді дамытуға бағытталған байқау екі кезеңнен тұрды: іріктеу және қорытынды. Қорытынды кезеңге Астана қаласы, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау, Ақмола облыстарынан 20 мен 40 жас аралығындағы 12 дәстүрлі әнші қатысқан байқауға Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Айтбек Нығызбаев, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Саян Мұхамедияр төрелік етті.
СНХ: ӨМІРЗАҚ ШЕШХАНҰЛЫ, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІСІ: Бүгін міне Арқаның төсінде, сал серілердің мекенінде осындай үлкен той болып жатыр. біржан сал атамыз бен Балуан Шолақ атамыздың мерейтойына орай үлкен бір бәйге ұйымдастырылып жатыр. Осы дәстүрлі әншілердің байқауында құдай бұйыртып бас жүлдені алып отырмын. Қуанышта шек жоқ. Көкше елінде ән асқақтай берсін. Барша елімізде қазақтың өнері шарықтай берсін!
СНХ: БЕК МЫҢБАЙ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ (КӨКШЕТАУ): Бүгін мінекей Ақмола облысында Біржан салдың 190 жылдығына, Балуан Шолақтың 160 жылдығына аймақтық әншілер додасы байқауы өтті. Содан алла бұйыртып 1 орын иелендік, қуанышымызда шек жоқ.Арқа жерінде, Арқа еліне алғысым шексіз деп айтқым келеді
РКС:Байқау қорытындысы бойынша белсене қатысқаны үшін бес адам ұйымдастыру алқасының дипломдарымен және 50 000 теңгеніңақшалай сертификатына ие болды. Қарағанды қаласынан келген Медет Осатаев III орын мен 100 000 теңге ақшалай сертификатына лайықты деп танылса, II орын Астана қаласынан келген 150 000 теңгеніңақшалай сертификаты Камал Майдановқа бұйырды. Жүлделі І орын мен 200 000 теңгелік ақшалай сертификатын Егіндікөл ауданының қатысушысы Бек Мыңбай иеленді.Ал бас жүлде Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Өмірзақ Шешханұлына бұйырды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ