ДИКТОР: Биыл Ақмола облысының 2024-2030 жылдарға арналған кадр қажеттілігінің қысқа мерзімді болжамы жасақталды. Мәселен, өңірде жалдамалы қызметкерлерге сұраныс 84 мың адамды құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова мәлімдеді.

РКС: Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отбасының цифрлық картасы енгізілген. Бұл платформа - азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға, сондай-ақ, оларға мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе.

СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Отбасы картасы бойынша 271 мың отбасыға топтастырылған шамамен 770 мың адам тіркелген. Қазір төтенше және дағдарысқа тап болған 62 мың отбасы бар. 1 тамыздағы деректермен салыстырсақ, бұл көрсеткіш 7,9% - ке төмендеді.

РКС: Сондай-ақ, брифингте денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер қозғалды. Облыс әкімінің орынбасары ауылдық медициналық қызмет көрсетуді дамытуға ерекше көңіл бөлінуі тиіс, - дейді.

СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ұлттық жоба аясында 38 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған. Биыл оның 28-і пайдалануға берілмек. Бұл ауылдық жерлерде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, айта кететін тағы бір жаңалық--таңбалау. Ол дәрі-дәрмектің сапасын және жасандылығын айқындауға мүмкіндік береді. Таңбалау жүйесі бүгінде Ақмола облысының барлық медициналық мекемелерінде енгізілген.

РКС: Айта кетейік, биыл Есіл және Қосшы қалаларында, сондай-ақ, Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы мен Бурабай ауданының Мәдениет ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешендері пайдалануға берілмек. Степногорск қаласында «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынған дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешендерінің құрылысы аяқталуға жақын.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ