ДИКТОР: Назарбаев Зияткерлік мектебінің 15 жылдық мерейтойына орай білім ошағында ғылыми конференция өтті. Коференцияға жиналған өңір оқытушылары мен ғалымдар жасанды интеллект енгізу, инновациялық әдістемелер, көшбасшылықты дамыту және оқушылардың кәсіби бағдарлануына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, «Болашақ» сарайында оқушылардың ғылыми жобалары мен өнер туындыларының көрмесі өтті.
РКС: Шара барысында жиналған қауымға 15 жыл ішіндегі жеткен жетістіктері таныстырылып, оқушылардың дамуы мен жетістіктеріне елеулі үлес қосқан мұғалімдерге құрмет грамоталары табысталды. Сондай-ақ шара барысында оқушылар көпшілікті өз өнерімен қуантты.
СНХ: АЯН АЛТЫНБЕКОВ, ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін Көкшетау қаласындағы физика-математикалық Назарбаев Зияткерлік мектебінің 15-жылдығын тойлап жатырмыз. Осы іс-шараға біз конференция өткіздік. Концертке біз барлық біздің ата-аналарымызды, оқушыларымызды, түлектерімізді, одан бөлек, барлық мұғалімдер осында қатысып жүр. Және де Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептердің бастықтары мен олардың мұғалімдері қатысып отыр. Сонымен қатар, біздің зейнетқе шыққан әріптестеріміз де қатарымызда, осы концертте отыр, тамашалап.
РКС: Бибігүл Мұқалықова «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының жүйесінде 15 жыл жұмыс істеді. Ол 2009 жылы мектептің негізі қаланғанда басы қасында болған мұғалімдердің бірі. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап зейнетке шықса да, мектеп қабырғасында өтетін шараларға белсенді қатысады.
СНХ: БИБІГҮЛ МҰҚАЛЫҚОВА, МҰҒАЛІМ: Назарбаев Зияткерлік мектептері дербез білім беру ұйымда 2021 жылы ақпан айынан бастып жұмыс атқардым. Негізгі менің міндетім ол жалпы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмыс ұйымдастыру, жалпы мектептердегі барлық іс-шаралар тәрбиеге байланысты өткізу. Соның ішінде – спартакиадалар, олимпиадалар, үлкен жобалар – арт-фестиваль, мысалы. Өте көп іс-шаралар өткізді осы бағытта. Біздің негізгі мақсатымыз – балаларға өмірде бейімделу үшін нақты дағдылары қалыптастыру. Осы іс-шаралардың арқасында, балаларда барлық дағдылар қалыптасты деп айтуға болады. Бүгінгі күні балаларымыз қай да бір университет, жұмыс жасап жатса, барлық дағдылар іске асырып, өздері соған риза болып жатады.
РКС: Жиналған қауымға ғылыми жобалар, сондай-ақ оқушылардың суреттері мен қолдан жасаған бұйымдары ұсынылды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ